• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2011

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан

443 рет
көрсетілді

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы Мемлекеттік сыйлығын алу конкурсына бұдан әрі қатысуға мынадай еңбектер жіберілгенін хабарлайды: А.Қ.Саданов, С.А.Айткелдиева, Н.Н.Гаврилова, И.А. Рат­никова, Ұ.Р.Ыдырысова, В.М.Кан, Е.Ж.Шорабаев «Ауыл шаруа­шылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін «Казбиосил», «Ризовит-АКС», «Бакойл-КZ» биопрепараттарын жасаудың техно­логиясы және өндірісін ұйымдастыру» жұмыс циклі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология инсти­туты» РМК ұсынған. Д.Ш.Ахмедов, Ж.Ш.Жантаев, М.Молдабеков, Н.Р. Мұ­ратова, Т.А.Мұсабаев, Л.Ф.Спивак, Ө.М.Сұлтанғазин «Қазақ­стан Республикасының 1994-2009 жылдардағы әлеуметтік-эконо­микалық дамуы мүдделері аясында қазіргі ғарыштық техноло­гияларды әзірлеу және ендіру бойынша іргелі әрі қолданбалы зерттеулер». Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ұсынған. А.С.Жұмаділдаев «Жалпыланған коммутаторлар, когомоло­гия­лар және тепе-теңдіктер». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика, информатика және механика институты» РМК «Математика институты» ЕМК ұсынған. С.С. Сатыбалдин «Бүгінгі Қазақстанның экономикалық архитектурасы: болмысы, ұстанымы және дамудың тетіктері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК ұсынған. Барлық сын-пікірлерді, ұсыныстар және ескертпелерді мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (10-кіреберіс, 1053 бөлме) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия.