• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 304

438 рет
көрсетілді

2011 жылғы 31 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын. 3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдар­дың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 304 қаулысына  1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі 1. Ақтөбе әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Орал әскери тергеу бөлімі. 2. Алматы әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қапшағай әскери тергеу басқармасы. 3. Қостанай әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Петропавл әскери тергеу бөлімі. 4. Шымкент әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қызылорда әскери тергеу бөлімі. 5. Ақтау әскери тергеу бөліміне қосу жолымен Атырау әскери тергеу бөлімі. 6. Семей әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Павлодар әскери тергеу бөлімі. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №304 қаулысына  2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі 1. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының ішкі істер бөлімі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қала­сының Ішкі істер басқармасына. 2. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімі Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасына. 3. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасына. 4. Ақмола әскери тергеу басқармасы Астана әскери тергеу басқармасына. 5. Аягөз әскери тергеу бөлімі Аягөз әскери тергеу басқармасына. 6. Ақтау әскери тергеу бөлімі Ақтау әскери тергеу басқармасына. 7. Семей әскери тергеу басқармасы Шығыс әскери тергеу басқармасына. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №304 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 мау­сымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Респуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақ­тық органдары – мемлекеттік мекеме­лерінің тізбесінде: реттік нөмірлері 21, 169, 177-жолдардағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыс­тырылсын; реттік нөмірі 257-жол мынадай редакцияда жазылсын: «257. Астана әскери тергеу басқармасы.»; реттік нөмірі 261-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 265, 270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «265. Шығыс әскери тергеу басқармасы.»; «270. Ақтау әскери тергеу басқармасы.»; реттік нөмірі 271-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 272-жолдағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 273, 274, 275, 276-жолдар алып тасталсын. 2. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту тура­лы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысында (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 428-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында: мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: реттік нөмірлері 2, 13-жолдардың 2) тар­мақ­шаларында, реттік нөмірі 14-жолдың 3) тармақ­шасында 2-бағанындағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 430-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруа­шылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспа­ғанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқара­тын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында: мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ақмола облысы» деген жолдың «ТЕҚП» деген бағанындағы «Степногорск ҚІІб» деген сөздер «Степногор қаласының ІІБ» деген сөздермен ауыс­тырылсын; «Маңғыстау облысы» деген жолда: «ТЕҚП» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Мекен-жай» деген бағандағы «ІІБ ЖПБ,» деген аббревиатуралар алып тасталсын. 4. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стан­дартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында: мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ақмола облысы» деген жолдың «ТЕҚП» деген бағанындағы «Степногорск ҚІІб» деген сөздер «Степногор қаласының ІІБ» деген сөздермен ауыс­тырыл­сын; «Маңғыстау облысы» деген жолда: «ТЕҚП» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Мекен-жай» деген бағандағы «ІІБ ЖПБ,» деген аббревиатуралар алып тасталсын. 5. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 432-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруа­шылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында: мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ақмола облысы» деген жолдың «ТЕҚП» деген бағанындағы «Степногорск ҚІІб» деген сөздер «Степногор қаласының ІІБ» деген сөздермен ауыстырылсын; «Маңғыстау облысы» деген жолда: «ТЕҚП» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Мекен-жай» деген бағандағы «ІІБ ЖПБ,» деген аббревиатуралар алып тасталсын. 6. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 511-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стан­дартында: тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталсын; 8-тармақтағы «көрсетілгені» деген сөз алып тасталсын; 17-тармақтағы «шетелдіктің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына» деген сөздер «шетелдіктерге мемлекеттік қызметтен бас тартуға» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ішкі істер департаменттері» деген бағанда: реттік нөмірлері 2, 13-жолдардың 2) тармақ­шаларындағы, реттік нөмірі 14-жолдың 3) тармақ­шасындағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада: «Ақмола облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанын­дағы «Степногор ҚІІб-нің» деген сөздер «Степногор қаласы ІІБ-нің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Маңғыстау облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Павлодар облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанындағы «ІІб-нің» деген сөз «ІІБ-нің» деген сөзбен ауыстырылсын. 7. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адам­дар­ды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқ­сандағы № 2102 қаулысында (Қазақстан Республи­касының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталсын; 8-тармақтағы «көрсетілгені» деген сөз алып тасталсын; мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ішкі істер департаменттері» деген бағанда: реттік нөмірлері 2, 13-жолдардың 2) тармақ­шаларындағы, реттік нөмірі 14-жолдың 3) тармақша­сындағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада: «Ақмола облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанын­дағы «Степногорск ҚІІб-нің» деген сөздер «Степногор қаласы ІІБ-нің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Маңғыстау облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Павлодар облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанындағы «ІІб-нің» деген сөз «ІІБ-нің» деген сөзбен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 қаулысында (Қазақ­стан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 514-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталсын; 17-тармақта: «көрсетуден» деген сөз алып тасталсын; «қызметті» деген сөз «қызметтен» деген сөзбен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада: «Ішкі істер департаменттері» деген бағанда: реттік нөмірлері 2, 13-жолдардың 2) тармақшаларындағы, реттік нөмірі 14-жолдың 3) тармақшасындағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада: «Ақмола облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанын­дағы «Степногорск ҚІІб-нің» деген сөздер «Степногор қаласы ІІБ-нің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Маңғыстау облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «Павлодар облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдың «Бөлініс атаулары» деген баға­нындағы «ІІб-нің» деген сөз «ІІБ-нің» деген сөзбен ауыстырылсын. 9. «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысында (Қазақстан Рес­пуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 515-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталсын; 8-тармақтағы «көрсетілгені» деген сөз алып тасталсын; мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшада: «Ішкі істер департаменттері» деген бағанда: реттік нөмірлері 2, 13-жолдардың 2) тармақ­шаларындағы, реттік нөмірі 14-жолдың 3) тармақша­сындағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын; мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада: «Ақмола облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанын­дағы «Степногорск ҚІІб-нің» деген сөздер «Степногор қаласы ІІБ-нің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Маңғыстау облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 2-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қал­дырылсын; «Павлодар облысы бойынша:» деген бөлімде реттік нөмірі 4-жолдың «Бөлініс атаулары» деген бағанындағы «ІІб-нің» деген сөз «ІІБ-нің» деген сөзбен ауыстырылсын.