Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және солтүстік аймақтағы өзге қалаларында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15:00 (Қазақстан уақытымен) – ерлер арасындағы 50 км шаңғы жарысы (масс-старт). Жарыс жолына Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков шығады.
14:45 – фристайл-акробатикадан командалық сайыс. Іріктеу кезеңі мен финалда Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан өнер көрсетеді.
19:50 – конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старт. Қазақстан атынан Елизавета Голубева қатысады.
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ ел өкілдері фристайл-могул мен мәнерлеп сырғанаудан төрешілер құрамында да бар.
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді