Венесуэлада болған жойқын жер асты дүмпуінің салдарынан қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп отыр. Ал жарақат алғандардың саны 16,7 мыңнан астам адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТАСС мәлімдегендей, Ұлттық Ассамблея спикері Хорхе Родригестің айтуынша, 6462 адам құтқарылған. Қаза тапқандар саны 388-ге артқан.
86 794 отбасы көмек алған. 17 345 адам баспанасыз қалды. Зақымдалған 856 ғимараттың 190-ы толығымен қирады. Екі негізгі жер сілкінісінен кейін 995 афтершок тіркелді.
Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті
Апат салдарын жоюға 4 мыңнан астам шетелдік құтқарушы, шамамен 30 мың әскери қызметкер мен төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ 27 мыңнан астам ерікті қатысып жатыр.
Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті
Зардап шеккендер үшін 79 уақытша лагерь құрылды, 9 585 тонна азық-түлік және 669 мың литр ауыз су жеткізілді.
Еске салайық, Венесуэлада соңғы 126 жылдағы ең күшті жер сілкінісі 24 маусым күні кешке тіркелді. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер асты дүмпуі болған. Олардың эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Елдің бірнеше өңірінде ондаған ғимарат қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді.