• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 17:46

Бас шаһарға былтыр 1,6 миллион турист келген

Астана қарқынды дамып келе жатқан туристік орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте айғақтады. 2025 жылы Астанаға келген 1,6 миллион туристің 380 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар. Биыл да оң үрдіс жалғасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жылдың алғашқы тоқсанында елордаға 352,2 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Олардың 67,9 мыңы – шетелдік саяхатшылар. Астанаға ең көп келетін туристер Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ елдерінен. Сонымен қатар Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да мемлекеттерден келушілер қатары артып келеді. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі де тұрақты өсіп отыр. 2025 жылдың қорытындысында туристік саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 438,3 миллиард теңгеге жетіп, Қазақстан өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш 250 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Елордада жалпы құны 265,7 миллиард теңгеге жететін 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында халықаралық қонақүй желілерін салу, экотуризмді дамыту және заманауи туристік инфрақұрылымды қалыптастыру жобалары бар.

Төрткіл дүниені тоғыстырған

Саланың өсіміне серпін беріп отырған негізгі бағыттардың бірі – оқиғалы туризм. 2026 жылдың алғашқы үш айында Астанада 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Оның 11-і халықаралық деңгейде өтті. Алдағы уақытта BaiQymyz этно-гастрономиялық фестивалі, Comic Con Astana фестивалі, «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі және Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Бұл іс-шаралар Қазақстаннан және шетелден мыңдаған қонақ жинайды. Астана халықаралық туристік кеңістіктегі орнын да нығайтып келеді. 2026 жылы қала Германия, Қытай және Оңтүстік Кореяда өткен ірі туристік көрмелерге қатысып, Ресейде роуд-шоу өткізді. Сондай-ақ бірден үш халықаралық туристік ұйымның құрамына енді. Қалада туристік инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылып, жаңа музейлер ашылып жатыр. Цифрлық сервистер жетілдіріліп, қалалық навигация мен туристерге арналған қолайлы жағдайлар жақсарып келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астананың бүгінгі тыныс-тіршілігін сипаттайтын маңызды 20 мәлімет айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар