Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды.
112.kz ақпаратына қарағанда, демалушылар кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне дереу хабарлап үлгерген.
Артынша, құтқарушылар жылан шаққан жасөспірімге жедел көмекке келген. Алдыммен зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.
«Жылы мезгілде жыландар белсенді болады. Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген соқпақтардан шықпаңыз. Демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз», деп ескертті ТЖМ.
Семейде Ертіс жағасында жалғыз жүрген үш жасар бала табылды