• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:13

Шығыс Қазақстанда шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзу деректері анықталды

ШҚО-да су айдындарында шағын кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында құтқарушылар 1 шілдеден бері рейдтер жүргізуді бастаған. Кеме жүргізушілерінің құжаттары, жүзу құралдарының техникалық жай-күйі, жолаушылардың құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілуі және жүзу қағидаларының сақталуы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО ТЖД мәліметінше, сонымен қатар кеме иелері мен демалушылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Шомылу маусымы басталғалы өңір бойынша шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзудың 10 дерегі анықталды. Құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Шомылу маусымы басталды: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Айта кетейік, шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде кемені тіркеу, техникалық куәландырудан өту және құтқару жабдықтарының болуы міндетті. Сондай-ақ кеме жүргізушілері арнайы курстардан өтіп, басқару құқығына куәлік алуы қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және жедел іс-шараларды күшейтті. 

 

Соңғы жаңалықтар