Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыс салдарынан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында сотталғандар да, түрме қызметкерлері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Associated Press агенттігінің мәлімдеуінше, тұтқындар арасындағы зорлық-зомбылық 5 шілдеде басталған. Ал 6 шілде, дүйсенбі күні күзет қызметкерлері жағдайды бақылауға алмақ болған кезде қақтығыс күшейген. Кейбір сотталғандар қашуға әрекеттенгенімен, олардың жолы кесілген.
Өңірдегі басты мемлекеттік аурухананың өкілі жарақат алған 100-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланбаған.
Судағы түрме
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау облысындағы түзету мекемелерінің бірінде төбелестен кейін тұтқын көз жұмған.