Үлкен Алматы көлі маңында теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз қалып қойған. Оған құтқарушылардың көмегі қажет болған, деп жазады Egemen.kz.
Ол тау соқпағымен төмен түспек болған. Келе жатып аяғын жарақаттап алған. Содан кейін өздігінен түсе алмаған. Хабарлама арқылы оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен.
Құтқарушылар Көлсай көлінде жарақат алған туристке көмек көрсетті
Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары турист қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Аюсай» визит-орталығына дейін қауіпсіз түсірді.
Зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік туристер аман-есен табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.