Бүгін Тегеран қаласында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның қаза тапқан отбасы мүшелерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін қоштасу рәсімі бірнеше күн бойы Мұсалла кешенінде өткен болатын. Ал бүгін ел астанасы Иранның түкпір-түкпірінен келген адамдарға лық толды. Миллиондаған адам Тегеранның Энғелаб (Төңкеріс) алаңынан бастап Азади (Бостандық) алаңына дейін жүріп өтті. Осылайша Иран халқы бұл шеруді әлемге ұлттық бірлік пен төзімділіктің көрінісі ретінде көрсетті.
Ауа райының ыстық болуына байланысты шеру кезінде халыққа су бүркіп, салқындауына жағдай жасалды. Сондай-ақ, шеруге шыққан жұртқа сусындар мен тағамдар таратылды. Сонымен қатар шеруге шыққандардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында сақтық шаралары да күшейтілді. Қала көшелеріне полициялар, арнайы және ерікті жасақтар қойылды.
Бүгін кеште Тегерандағы шеру толық аяқталып, көшелер ашылып, қала қайтадан қозғалысқа келе бастады. Ертеңнен бастап қоштасу рәсімі Құм, одан ары Мешхед қалаларында жалғасады. Ал марқұмның денесі Мешхедтегі Имам Риза кесенесі аумағында жерленеді.
Ермек Көшербаев аятолла Әли Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты
Айта кетейік, Тегерандағы бүгінгі іс-шара соңғы жылдардағы ең ауқымды аза тұту шерулерінің бірі болды.