Үкімет «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңды қайта қарап шығуға дайын, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
«Мен мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жеңілдету мақсатында заң жобасын қайта қарап шығуды ұсынамын. Бірінші кезекте біз айтып жүрген сапа алда тұруы қажет, екінші кезекте осының айналасында өзіміздің жеке өндірісімізді ынталандыруымыз қажет», деді Премьер-Министр дүйсенбі күнгі қос парламент палатасының отырысындағы депутаттардың сұрақтарына жауап бере келіп.
«Біз мемлекеттік сатып алу заң жобасын қайта қарап шығуға дайынбыз және осыған депутаттарды да шақырамыз», – деп түсіндірді Үкімет басшысы.