• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Үнқатысу дәстүрі жалғаса береді

553 рет
көрсетілді

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жетекшісі Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Х отырысы ашылды. Әлемнің он жеті елінен келген түрлі діндер өкілдері қатыс­қан отырыста Дін лидерлері ке­ңе­сі тұжырымдамасының жоба­сы, Дін лидерлері кеңесінің тұ­жы­рымдамасын қабылдаудың үл­гісі және Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері ІV съезін өткізудің күнін белгілеу туралы мәселелер талқыланды. Жуырда осы форумның бас­та­машысы әрі басты қамқор­шы­сы Президент Нұрсұлтан Назарбаев маған Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезінің Хатшылығында Қазақстан тара­пы­нан жүргізілетін жұмысты үйлестіруді тапсырды, деді Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми отырысты ашар­да­ғы сөйлеген сөзінде. Бұл мен үшін өте жоғары сенім деп білемін. Осы тұрғыдан мен сіздермен тұрақты байланыста болуға және ізгілік пен бейбітшілікке, та­тулық пен тұрақтылыққа үн­дей­тін дінбасыларының жаһан­дық игі бастамаларын алға жыл­жытуға өз үлесімді қосуға дай­ын екендігімді қуаттаймын. Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезін әзірлеуге арналған отырысымыз халықаралық күрделі жағдайда өтіп отыр десек артық емес. Соңғы Съезден бері әлемде саяси ахуалды едәуір шиеленістіре түскен оқиғалар, соның ішінде діни төзімділік пен конфес­сияаралық келісімге сын болған жәйттер де орын алды. Сенат Төрағасы бұған мысал ретінде Африка құрлығы мен Тая­у Шығыс елдерін шарпып өт­кен тұрақсыздық толқынын, Ирак­тағы, Ауғанстан мен Пәкс­тан­дағы лаңкестік әрекеттерді, Жапония халқының басына түс­кен жер сілкінісі мен цунамидің қайғы-қасіретін атап өтті. Өкі­ніш­ке қарай, көптеген адам құр­бан болды, деді әрі қарай Қайрат Мәми. Осындай ауыр сынақ күн­дері бейбіт дүниені аялау, жігер берер жүйелі сөз, маңайың­дағы жандарға деген жарқындық пен мейірім, төзімділік пен шы­дам­дылық сияқты әрбір діннің негізі болып табылатын парасат-сезімнің қажеттілігі анық сезілді. Тағдыр тауқыметін бастан кеш­кен елдердің діни қыз­мет­шілері осындай жоғары мораль­дық қасиеттерді толығынан та­нытқандығын атап өткім келеді. Сонымен бірге, өткен оқиғалар барша ізгі ниетті адамдар бір­лі­гі­нің, олардың бейбітшілікті ор­нықтыру жолындағы ынтымақ­та­стығын нығайтудың аса қа­жеттігін дәлелдеп берді. Төраға өзінің сөзі барысында Қазақстанның конфессияаралық үнқатысуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның атап өтке­нін­дей, мұсылман, христиан және будда өркениеттерінің то­ғы­сын­да орналасқан Қазақстан тәуел­сіздігін алған алғашқы күн­нен бастап өз аумағында эт­ностар мен конфессиялардың бір­ге еркін, бейбіт және тең құ­қылы өмір сүруі үшін жағдай жасауға ұм­тылды. Республика мемлекет­ті­лі­гінің жиырма жылдық тәжі­ри­бесі көрсеткендей, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың дінаралық және этносаралық келісімді ны­ғайтуға бағытталған сарабдал саясаты біздің қоғамды ұлтара­лық, діни қақтығыстар мен шиеленістерден аман сақтаудың кепілі болды. Бірлік пен ын­ты­маққа негізделген тұрақты­лық­тың арқасында еліміз өркен­деу­дің сара жолын дәл тауып, жаңа биік мақсаттарға қарай батыл қадам басып келеді. Этнос­ара­лық және конфессияаралық ке­лі­сімнің өзіне тән оң үлгісіне сүйене отырып, Қазақстан өрке­ниет­аралық өзара байланысты дамытып, діндер ынтымақтас­ты­ғын тереңдету, жаһандық өз­ара мәдени алмасу жолын берік ұстануда. Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өт­кізу туралы бастамасы халық­ара­лық көлемде кең қолдау тау­ып, мемлекеттер мен халық­тар­дың қарым-қатынасын жарас­ты­ру жөніндегі әлемдік үдерістің маңызды бөлігіне айналды, деп жалғастырды сөзін Сенат Төр­аға­сы. Қазақстан өзі тарапынан әлемдегі өңірлер мен елдер ара­сындағы дінаралық, өркениет­ара­лық және мәдениетаралық үн­қатысуды дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсады және жұм­сап келеді. Осы мақсатта біз Съездің Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­мен, оның ішінде ЮНЕСКО-мен және Өркениеттер альянсымен өзара іс-қимылын одан әрі өріс­тетуге ынталымыз. Біріккен Ұлт­тар Ұйымының біріктірушілік және ізгілік әлеуетін ынты­мақ­тастық мақсаттарына ба­рын­ша тарту керек. Бұл – осынау бас­ты әлемдік мінбердің мүм­кін­дігін Съездің парасатты идея­ларын жер жүзіндегі елдердің ха­лықтары мен саяси басшы­лығына жеткізу үшін кеңінен пайдалану қажет деген сөз. Сөзінің соңында Қ.Мәми елі­міздің ЕҚЫҰ Үштігіне қатысуы және Ислам Конференциясы Ұйы­мына төрағалығы аясында мұ­сылман мемлекеттері мен батыс елдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетуге септігін тигізетін іс-шараларды жүзеге асыру ба­ғыты алдағы уақытта да жалға­сын табатындығына тоқталды. Сонымен қатар, АӨСШК, ШЫҰ, ТМД, сондай-ақ әлемдегі басқа да өңірлік ұйымдар қызметінде мәде­ни-гуманитарлық тұрғы­да­ғы өзара түсіністікті кеңейту үшін мол мүмкіндіктер бар екенін атады. Отырыста Үндістан «Джа­маат-у-Шабаб-е-Ислам» мұсыл­ман ұйымының өкілі Шах Фахре Алам, «Чогечон» буддистік зерттеу институтының өкілі Янг Ки Хун, Израиль Бас сефард рав­винінің өкілі Мэйр Данино, Ал­маты қаласындағы «Нұр Мү­бә­рак» Ислам мәдениеті универ­си­тетінің ректоры Махмұд Фахми Хиджази, тағы басқалар құт­тық­тау сөз сөйледі. Олардың бар­лы­ғы Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың бастама­сы­мен өткізіліп келе жатқан діндер съезінің дінаралық және кон­фессияаралық келісімді ны­ғай­туға қосатын үлесін атап өтті. Күн тәртібіне байланысты пікір білдіргендердің ой-пайым­да­ры негізінен бір жерден шығып отырды. Нәтижесінде Дін лидерлері кеңесінің тұжырымдамасы қажет екендігі назарға алынды. Ал Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астана қа­ла­сында өтетін болып белгіленді. Бұл мәселе отырысқа қаты­су­шылар тарапынан консенсустық жағдайда қолдау тапты. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшы­лы­ғы­ның отырысы бүгін жалғасады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.