• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Негізгі комитеттер белгіленді

351 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған палата бюросының отырысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын одан әрі қарастыру үшін негізгі комитеттер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро отырысында Заңнама  және құқықтық  мәселелер  комитетіне «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бой­ынша  өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өз­ара құқықтық көмек туралы  шарт­ты ратификациялау тура­лы» заң жобалары зерделеуге берілді. Ал «Білім туралы» заңға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бой­ынша Әлеуметтік-мәдени даму комитеті бас комитет болып белгіленді. Экономикалық және өңірлік саясат комитеті «Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергети­ка­сы саласындағы табиғи моно­полиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету тура­лы келісімді ратификациялау ту­ралы» және «Келісілген макро­эко­номикалық саясат туралы ке­лісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайтын болды. Қаржы және бюджет комитетіне «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер көрсету сау­дасы және инвестициялар тура­лы келісімді ратификациялау туралы», «Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қол­дану тәртібі туралы  келісімді ратификациялау туралы» және «Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары берілді. Бюро отырысында палатаның алдағы, 23 маусымда болатын жалпы отырысының күн тәртібі туралы комитеттердің ұсыныс­тары қаралды. Жалпы отырыста халықара­лық келісімдер мен шарттар ту­ралы заң жобаларының топтама­сы қаралатын болды. Ал «Қазақстан Республика­сы­ның кейбiр заңнамалық актi­лерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық  заң­наманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тура­лы» заң жобасы бірінші оқы­лымда қарауға ұсынылады.