• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Қазақстан – келісімнің үлгісі

395 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Съезд Хатшылығының Х отырысына қатысып жатқан Астана және Қазақстан Митрополиті, Архиепископ Александрмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Мәми Президент Н.Назарбаевтың бас­тамасы бойынша өтіп келе жат­қан Дін лидерлері съезіне қолдау білдіргені үшін Орыс православие шіркеуіне ризашылығын жет­кізді. Қ.Мәмидің айтуынша, 2010 жылғы қаңтарда Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Ки­риллдің Астанаға сапары біздің еліміздің православие христиан­да­ры ғана емес, барлық қазақ­стан­дықтар үшін ерекше оқи­ғалардың бірі болды. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен Орыс православие шіркеуінің ынты­мақ­тастығы Қазақстан мен Ре­сей­дің одақтастық қатынас­та­рын одан әрі нығайтудың ма­ңызды құрамдасы болып табы­лады», деп атап өтті Қ.Мәми. Ресейлік дінбасының айту­ын­­ша, әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің пікірлесуі үшін Қазақстанда ерекше мүм­кіндік бар. «Бұл форум Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгі бастамасымен дүниеге келді», деп атап өтті Архиепископ Александр және ол «Қазақстан бүкіл әлемге өзара конфес­сия­аралық іс-қимылды ілгерілету қайырымдылықтың, бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетке­нін» айтты.