• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2011

Жаңа спорт сарайы салынады

303 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы соңғы жылдары оң­түстік-батыс аймаққа қарай құлаш жайып, кемелдене көркейіп келеді. Мысалы, бүгінде бұл маңайда «Көк­тем», «Арай» сияқты жеке үйлер ай­мағымен бірге, көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын «Бәйтерек» ша­ғын ауданы, бірнеше сауда кешендері бар. Қала тұрғындарын жұмыс орын­дарымен қамтамасыз ететін жа­ңа кәсіпорындар да көптеп салы­ну­д­а. Міне, енді осы арадан алдағы уақыт­та спорт сарайының зәулім ғимараты бой көтермек. Жақында оның ірге­тасы қа­ланып, оған осы игілікті іске ұйыт­қы болып жүрген облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Жаңа құрылыс нысанына об­лыс әкімдігінің құрылыс, жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беріпті. Бас жобашы болып «Ор­та­лық Азия жо­балау-құрылыс ком­паниясы»  ЖШС бекітілген. Жобаның смета­лық құ­ны 4 млрд. 876,2 млн. теңгені құ­рай­ды. Оның ішінде құрылыс-мон­таж жұ­мыс­тарына  3 млрд. 677 млн. теңге жұм­салса, жабдық­тары­на – 477,6 млн. теңге жұмсалатын болып отыр. Спорт сарайы бой көтеретін жер­дің көлемі 7,727 гектар жерді алып жатыр. Онда жалпы дене шы­н­ық­ты­ру және атлетика дайын­дығы, спорт­тық-баллдық би, спорт ойын­дары: волейбол, баскетбол, мини-футбол, теннис, спорттық бассейн, оның ішінде баскетболға арналған ауы­сымына 24 адамдық зал, волей­болға арналған сондай 24 адамдық зал, қол добына арналған 24 адам­дық зал, мини-фут­болға арналған ауысымына 24 адам­дық зал, боксқа арналған ауысымына 25 адамдық зал, класси­калық және еркін күрес­ке арналған ауысымына 24 адамдық зал, дзюдо және самбоға арналған ауысымына 30 адамдық зал, таэквон­доға арналған ауысы­мына 30 адамдық зал, ауыр атлетикаға арнал­ған ауысымына 11 адамдық зал, үстел теннисіне арнал­ған ауы­сы­мына 12 адамдық зал, спорт­тық-баллдық биге арналған ауы­сымына 100 адам­дық  зал, тир спортына ар­налған ауысы­мына 10 адамға арнал­ған зал бар. Спорт сарайына келушілерді дәмді, құнарлы тағаммен қамта­масыз ету үшін 2 қоғамдық та­мақ­тандыру орны жұмыс істейтін болады. Оның біреуі – 120, екіншісі – 110 адамға арналған. Тараз қаласында тұңғыш рет бой көтергелі отырған спорт сарайы өңірдегі спорттық оқу-жаттығу жұмыстарының сапасын арттырып, облыс спортшыларын әлемдік биіктерге жаңа қырынан таныта бастайды деген үміт бар. Спорт сарайының құрылыс жұмы­сы 2013 жылы аяқталады деп күтілуде. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.