• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2011

Сын сағаты соқты

268 рет
көрсетілді

7-9 шілде күндері Буэнос-Айрес қаласында Аргентина мен Қазақстан құрам­алары­ның арасында өтетін Дэвис кубогының ширек финалын­да кездесетін теннисшілердің есімдері белгілі болды. Бұл матчқа Қазақстан са­пын­да Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин мен Евгений Королев шықса, алаң иелерінен бізге қарсы Хуан Игнасио Чела, Хуан Мартин Дель Потро, Давид Налбандян мен Хуан Монако ой­найды. Біздің құрама жа­қын­да осы жауапты сынға дайындалу үшін Оңтүстік Америкаға ат­танып кетті. Буэнос-Айресте өтетін ширек финалдық кездесу 14 000 адамға арналған «Pargue Roca» стадионында өтеді. 7 шілде күні жекелеген кездесу өтсе, келесі күні теннисшілер жұптасып өнер көрсетеді. Ал соңғы күнге тағы екі кездесу жоспарланып отыр. Жанкүйерлер Дэвис кубогы­ның ширек финалын Астана уа­қыты бойынша «Ел Арна» теле­арнасынан 7 шілде күні са­ғат 20.00-де, 8 шілдеде сағат 21.00-де, 9 шілде күні сағат 20.00-де көре алады. Қазір Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының рейтингісінде 12 орынға орналасса, Аргентина әлем­дегі ең үздік бес елдің қа­тарына кіреді. Ал теннисшілеріміз әлемдік рейтингіде мынадай орында тұр. Андрей Голубев АТР тізімінде 44 орында болса, Михаил Кукушкин 58 орынды иеленуде. Юрий Щукин жақында Гер­манияның Марбург қа­ласында өт­кен халықаралық «Чел­ленджер» турнирінің серия­сын­да турнир­дің бірінші ракет­касы Альберто Рамостан (АТР рейтингісінде 100 орында) екі сетте жеңілген соң 137 орыннан 140 орынға түсіп кетті. Дэвис кубогының ширек финалында бізде басқа Швеция мен Сербия, АҚШ пен Испания, Германия мен Франция құрама­лары кездеседі. Ойындардың бәрі бірінші аталған елдердің кортта­рын­да өтеді. Тағы бір айтатын нәрсе, әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль уақытының ты­ғыз­дығынан турнирге қатысудан бас тартып отыр. Оның орнында Испания құрамасында Давид Феррер, Фернандо Вердаско, Фелисиано Лопес пен Марсель Гранольерс қатысады. Еліміздің бас командасы Ар­гентинаға аттанғанда ұлттық құ­ра­маның болашақ мүшелері Астанада теннистен жазғы Қазақ­стан чемпионатын өткізуде. 27 маусым күні басталып, 2 шілдеге дейін жалғасатын чемпионатқа Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Семей, Өскемен мен Тараздың теннисшілері қаты­сып, жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын сарапқа салуда.