• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2011

Талғарда басылған кітап экспортқа шығады

343 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде ірілі-ұсақты бас­­палар нарық заңдылығымен жұ­мыстарын жалғастыруда. Десек те машақаты жетіп, арты­латын са­ладан табыс табу оңай емес. Осындай іргелі істермен айна­лыс­қан Талғар ауданындағы «In­tell­service» компаниясы мақ­са­тына жету үшін мемлекет та­ра­пынан қол­дау тауыпты. Ұжым Қазақ­стан­дағы баспадан шаға­ры­латын өнімдердің 30 пайызын дайын­дауды алға қойғаны тегін емес. Тәуелсіздігімізбен құрдас өн­діріс орны өткен жылы «Даму» қоры берген қаржыға қосымша цех салып, Германиядан әкелінген 8 станокты орналастыруда. Жаңа қондырғының ерекшелігі бір мезетте қағаздың екі бетіне сурет басылып, шығарылатындығы. – «Бизнестің жол карта­сы-2020» бағдарламасы арқылы қар­жылық қиындықтардан құтыл­дық. Бұл баспадан шығатын өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Яғни, тапсырыс көлемі ұлғай­ғанда жұ­мыс­шылар қатары да өседі. Бола­шақта 150 адам жұ­мыс­пен қамты­лады, – дейді «Intellservice» компа­ниясы дирек­торы­ның орын­басары Еркін Тілебалдин сеніммен. Қазіргі кезде баспада 350 адам еңбек етеді. Олар негізінен Талғар қаласының тұрғындары. Әрі ай­лық­тары 70 мың теңге көлемінде. – Осында еңбек еткеніме 6 ай болды. Кәсібіме машықтандым. Және күнделікті жұмысқа арна­йы автокөлікпен тасымалдайды. Тамақты да осындағы асханадан ішеміз, – дейді Гүлім Әкім­бекова. Қағаздың барлық түрінен өнім шығаруға бағытталған кә­сіп­орын мемлекеттік тапсырыс бойынша да жұмыс істейді. Жыл сайын 300 мың дана кітап басып, халықтың рухани кемелденуіне де үлес қосу­да. Келісім шартпен өз өнімдерін Ресей на­рығына шығаратыны тағы бар. Қазіргі «Intellservice» ком­па­ния­­сы Қазақстан нарығын­дағы қағаз өнімдерінің 20 пайы­зын қам­тып отыр. Алдағы кезде оны 30 па­йызға жеткізу көзделген. Со­ны­мен қатар бәсекеге қабілет­ті­ліктерін шыңдап, жоғары стан­дартқа сай жұмыс істеуді мақсат еткен ұжым­ның ел тәуе­лсіз­дігінің мерейіне деген тартулары қомақты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.