• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2011

Шәкіртақы иегерлері бас қосты

273 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні «Думан» қонақ үй­інде «KAZENERGY» Ағарту­шы­лық бағдар­ламасы стипен­ди­ат­­тары­ның жиыны өтті. Дәстүр бой­ынша, Ағартушылық бағдар­ла­ма­ның үз­дік түлектерімен «KAZ­EN­ER­GY» Қау­ымдастығының төр­ағасы Ти­мур Құлыбаев кездесіп, аталмыш бағдар­ла­маның түлекте­рінің елдің мұнай-газ саласын да­мытуға елеулі үлес қоса береріне сенімін білдірді. «Соңғы бес жыл ішінде «KAZ­EN­ERGY» Ағартушылық бағдар­ла­масының аясында 500 жас ма­мандық алып шықты, солардың біразын бүгін осы жерден көріп тұрмын. Осы уақыт аралығында Қауымдастықтың Жастар комитеті құры­лып, комитет халықаралық аренада өзін көрсете білді. Тіпті, біздің бір түлегіміз қазір Дүние­жүзілік Мұнай Кеңесінің Жастар Комитетіне мүше. Қазір біз бакалавр дәрежесіне білім алып жатқан жастарды ғана емес, ма­гистранттарды да қолдап отырмыз. Яғни, білім беру үрді­сі­нің маңызды сатыларын түгел қам­тыдық. Ал, жас мамандар білім ордасында алған тәлім-тәр­биесін мемле­кеттің игілігіне жа­ра­туы үшін Қауым­дастық олар­дың жұмысқа орналасуына да қолғабыс етеді», – деді Тимур Құ­лыбаев. «KAZENERGY» қауымдас­ты­ғы­ның Ағартушылық бағдарла­ма­сын жүзеге асырып отырғанына бес жылдың жүзі болыпты. Бұл бағдарлама Білім беру жә­не маман даярлау жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің шешімімен білікті мамандар даярлау мәселелерін шешу үшін, да­рын­ды жастарды бірлескен жобаларға тартуда және «KAZENERGY» шәкіртақысы ие­гер­лері-түлектері арасынан мамандар резервін қалыптастыру үшін қауым­дас­тыққа мүшелік ете­тін компаниялардың күштері мен мүмкіндіктерін біріктіру мақ­сатында құрылған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.