• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

409 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы                                          Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі         Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылғы 7 маусым №163-нқ                              2011 жылғы 10 маусым №352 Астана қаласы  Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республи­касы Заңының 18-1-бабының 1-1-тар­ма­ғына сәйкес бұйырамыз: 1. «Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тау­ар­ларымен, жұмыстарымен) техноло­гия­лық жағынан байланысты қызмет түрле­рі­нің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Табиғи монополияларды рет­теу агенттігі төрағасының міндетін ат­қа­рушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Кө­лік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4373 нөмірімен тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146 нөмірінде жарияланған)) мынадай то­лықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ма­гистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарла­ры­мен, жұмыстарымен) технологиялық жа­ғы­нан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы 20, 21-тар­мақтар­мен толықтырылсын: «20. Темір жол вокзалдарының тиісті жұмысын ұйымдастыру. 21. Темір жол вокзалдарында жолау­шы­ларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (би­лет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық үй-жай­лар және ақпарат беру объектілері, ме­дициналық пункттер, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттері).». 2. Қазақстан Республикасы Табиғи мо­нополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықтың Қазақстан Рес­публикасының Әділет министрлігінде заң­намада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи мо­нополияларды реттеу агенттігінің Әкім­ші­лік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлей­ме­нова) осы бұйрық Қазақстан Респуб­ли­касы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын Агенттіктің Заң департаменті (М.Ш. Мукушева) жарияланғаны тура­лы мәліметті кейіннен ұсына отырып, қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құры­лымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Көлік және коммуникация ми­нистрлігінің және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоға­мының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақы­лау Қазақстан Республикасы Табиғи мо­нополияларды реттеу агенттігі төраға­сы­ның орынбасары Қ.М. Смағұловқа және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат­шысы Ж. Қасымбекке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жа­рияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Н. Алдабергенов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Б. Камалиев Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 маусымда №7035 болып тіркелді.