• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2011

Алғыс хат табыс етілді

588 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Мәжілісте төртінші парламенттік сес­сия­ның аяқталуына орай осы палата аппараты қызмет­керлерінің салтанатты жиналысы болып өтті. Парламент Мәжілісі Төраға­сы­ның орынбасары Владимир Бобров депутаттар атынан палата аппаратында қызмет істейтін мем­лекеттік қызметшілерді әріп­тес­терім, деп айта келіп, Қазақ­станның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген стратегиялық ба­ғытын заңмен қамтамасыз етуде депутаттар мен Парламент қыз­меткерлері барлық жұмысты бірлесіп атқарғанын тілге тиек етті. Мәжіліс Төрағасының орын­ба­сары ризашылығын білдіре тұ­рып, палата төрағасының атынан бірқатар Парламент қызметкер­леріне Алғыс хат табыс етті. Мәжіліс аппаратының бас­шы­сы Ерген Дошаев та жылы лебізін жеткізіп, алғыс айтты және мемлекеттік қызметшілерге жауапты қызметтерінде абыройлы бола беруіне тілектестігін білдірді.