• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2011

Ортақ үйіміздегі бейбіт өмір бекем болады

360 рет
көрсетілді

Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан өздері­нің қуаныштары мен проблемаларын бөлісіп, мемлекеттік ме­реке­лермен құттықтап, Ұлт көшбасшысының Қазақстанды гүл­ден­діруге, этносаралық және конфессияаралық келісімді ны­ғай­туға бағытталған аса үздік қызметін атап өткен көптеген хаттар күн сайын келіп жатады. Сондай хаттың бірі Қазақстан ұйғырлары республикалық мә­дени орталығы мен интеллигенция өкілдерінен келді. «Біз, көпұлтты Қазақстан хал­қы­ның туысқан отбасында көптен өмір сүріп келе жатқан ұйғырлар,  әлі күнге дейін 2002 жылы, Сіз – біз­дің Президентіміз, Ұлт көшбас­шы­сы өзіңіз келіп күрделі жөн­деу­ден кейін ұйғыр театрын ашқан жарқын күнді қуанышпен еске аламыз. Бұл әлемдегі ШҰАА-дан тыс жердегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры. Ол – біздің мақтанышы­мыз, біздің өнер ордамыз. Онда біздің мәдениетіміздің, тіліміз бен рухани байлығымыздың жаңа деңгейге көтеріліп, сақталуы үшін қолдарынан келгенін жасаған ұй­ғыр халқының талантты ұлдары жұ­мыс істеді. Олар бізге Отанды сүю­ді, адамдарды құрметтеуді, үл­кенді сыйлап, өз салт-дәстүрімізді сақтауды өсиет етіп қалдырды. Театрды ұйғыр халқының көр­некті ұлы және КСРО халық әртісі Құддыс Қожамьяровтың ұсы­нуымен тағайындалған Мұрат Ахмадиев 25 жылға жуық уақыт басқарды. Бұл біздің театрдың өркендеген жылдары болды: репертуар байыды, келешегі бар мамандар оралды, ұжым халық­аралық деңгейде танылды. 2005 жылы театрдың 70 жылдығы қарса­ңын­да Сіз өз Жарлығыңызбен театр­ға Қ.Қожамьяровтың есімін бердіңіз. Осы үшін Сізге шексіз ризамыз»,  деп жазады Қазақстан халқы Ассам­блеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының төрағасы А.Шар­динов, профессор, рес­пуб­ликалық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі А.Қа­дыров, жазушы-драматург, Қа­зақ­стан Жазушылар одағы ұйғыр сек­циясының төрағасы А.Аширов, «Уйғур авази» республикалық газе­тінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ю.Азаматов, Қазақстан ұйғырлары қауым­дас­ты­ғының төрағасы Т.Маметова, Рес­публикалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Мақсұтов, ұйғыр тілін оқытатын мектеп қауымдастығының төрағасы, №153 мектеп-гимназияның директоры, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Ш.Умаров және т.б. Сонымен қатар, бұл үндеу хатта театр басшылығының кадр жөніндегі шешіміне қолдау білдірілген. «Ұйғыр театрының директоры қызметіне жақында осы ұжымда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Саутжан Сонуров тағайын­далды. Осы жылдар ішінде ол көп­теген рөлдерде ойнады, көптеген қой­ылымдарды қоюға атсалысты, театр тобына жетекшілік жасады. Ол театрды жақсы біледі және оны кез келген деңгейге лайықты алып шыға алады. Театр қызметкерлері (102 адам) жаңа басшыға өз қолдау­ла­рын білдірді. Ұйғыр интел­л­иген­циясы, ұйғыр ұлттық-мәдени орта­лығының активі бұл шешімді то­лық қолдайды», делінген хатта. Үндеу хаттың авторлары Мемлекет басшысын елорда күнімен құт­тықтаған. «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Сіз біздің ортақ үйі­міздегі бейбітшілік пен келісімді әрбір қазақстандық көздің қарашы­ғындай сақтай біліп, нығайтуы қажеттігін әрдайым айтып келесіз. Сіздің Қазақстанда ғана емес, Еуразияда, ислам мен түркі әлемінде келісім мен тұрақтылықты нығайту ісіндегі көпқырлы қызметіңізді күллі әлем біледі. Бізге және біздің мәдение­ті­мізге үнемі көрсетіп келе жатқан қамқорлығыңыз үшін өзіміздің шы­найы әрі зор ризашы­лы­ғы­мызды білдіре отырып, әсем Ас­танамыз – елорда күні қарсаңында, Сіздің орасан зор қызметіңізге табыс, сәттілік және Қазақстан халқының бақыты жолында ұзақ ғұмыр тілейміз!», делінген хатта.