Кеше Оңалсын Жұмабековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында Республиканың кейбір жергілікті және басқа соттары судьяларының бос қызмет орындарын істерді қарау барысында жүктемені ескере отырып, үйлесімді пайдалану мәселелері, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі судьялардың мәртебесі, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды.
Жекелеп алғанда, Жоғарғы Соттың судьясы Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындауға Мемлекет басшысына ұсынылды.
Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, оның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Арман Дайырұлы Жұмабеков тағайындалды.
Сонымен бірге, орнынан түскен судьяның мәртебесіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанына байланысты Замила Мусифулловна Фаттахованың орнынан түсуін тоқтату туралы ұсыным қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.