• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2011

Тасқыннан соң...

376 рет
көрсетілді

Биылғы көктемдегі жойқын тасқын судан кейінгі Ақжайық­тың бүгінгі тыныс-тіршілігі қан­дай екен деген сауал оқырман­дарды селқос қалдыра алмаса керек. Иә, бүгінде мұнда табиғат апаты келтірген орасан мол шы­ғынның орнын толтыру жұмыс­тары жүргізілуде. Соның айқын бір дәлелі Орал қаласында және Тасқала, Зеленов ауданда­рын­да ке­ңінен қарқын алған құрылыс дер едік. Бұған тек жергілікті мердігерлер тартылған. Облыс ор­талығында бүгінгі күні ат­қарылған құрылыс жұмыста­ры­ның көлемі 20-30 пайыз тө­ңіре­гінде. Мақсат – алдағы жылыту маусымына дейін жаңадан тұрғы­зылған үйлерді пай­далануға беру. Бұған дейін хабарланғанындай, Орал өңірінде бой көтеретін құ­рылыс жұмыстары үшін Үкімет тарапынан жеткілікті жерге қара­жат бөлінген. Бүгінгі міндет оны тиімді, ұқыпты әрі үнемді түрде пайдалану болмақ. Осы орайда об­лыста орын алған биылғы күр­делі жағдай мұнда құрылыс индус­триясының да тезірек да­муына ал­ғышарт қалады деп ай­туға болады. Осылайша қазіргі құрылысқа жергілікті темір-бетон бұйымдары, плиталар мен блоктар пайдала­нылу­да. Құрылысты жүргі­зіп жат­қан кейбір компания­лардың бұл материалдарды өздері өнді­ретіні де айтуға тұрарлық мәселе. Сондай-ақ үй қабырға­ла­рын қалауға қажетті кірпіш те облыс орталы­ғында шы­ғарылады. Сонымен бірге мұндағы поли­этилен құбырлары зауыты ұжы­­мының да мердігерлерге тигізіп отырған пайдасы мол. Алайда аталған мәселеде кейбір кідірістер де жоқ емес. Ай­талық, құрылысқа аса қажетті материал­дың бірі – цемент десек, ол Оралда өндірілмейді. Оның Қарағанды жә­не Шымкент цемент зауыттары­нан тасымалдап жеткізу ұзақ уақыт пен қосымша шығынды қажет етуде. Ал облыс аумағымен іргелес қоныс­танған Ресейдегі «Вольский» цемент за­уыты өз өнімдерінің баға­сын отыз пайызға дейін өсіріп жіберген. Тағы бір жағдайда көршілес облыстардан қиыршық тас тиеп жеткізетін вагондар жетіспейді. Осы­лайша аталған мәселелерге Үкі­меттің назар аудару қажет­тілігі аңғарылады. Облыста тасқын су зардабы­нан бүлінген үйлерге күрделі жөн­деулер жүргізуге қажетті қа­ражат көздері де табылды. Бұл жөнінде Орал қалалық және Батыс Қазақ­стан облыстық мәс­лихаттарының сессиялары тиісті шешімдер қабыл­дады. Ақжайық­та тұрғын үйлерге қоса әлеумет­тік-тұрмыстық нысан­дар құры­лыс­тары да қоса қанат жаюда. 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп құрылысы кестеге сай жү­руде. Әрқайсысы 290 орындық қос балабақшаның құрылысы жө­нінде де осылай деуге болады. Зеленов ауданының орта­лығы Переметный кентінде тұр­ғы­зылып жатқан үй­лер­дің жаны­нан спорт алаңдары мен сауда үйлерін қоса салу жо­баланған. Ең бастысы мұнда үлкен саябақ құрылысының бір мезгілде қолға алынғаны бола­шақ тұрғын­дарды үлкен қуанышқа кенелтуде. Сая­баққа жергілікті жағ­дай мен климатқа бейімделген көшеттер мен ағаштар отырғызыл­мақ. Ша­ғын да ықшам балалар қалашығы да саябақтың көрнекі жерінен орын теппек. Сондай-ақ осы арадан пошта бөлімшесі мен дәрі­хана ғимараты да бой көтермек. Қысқасы, бүгінде батыс­қазақ­стан­дықтардың жүздері жарқын, еңселері биік. Олар биылғы көк­темде бастарына үлкен қиындық түскен кезде баға жетпес қолдау көрсеткен мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев пен республика Үкіметіне шынайы риза­шылық сезімдерін білдіріп отыр. Бүгінде облыстың су тасқынына ұшыраған аймақтарында қоныс тепкен алып құрылыс алаңдары мен көкке мой­нын созған сансыз крандар – сол қолдаудың көрінісі. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.