2005 жылдан бастап екі жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Әлия гүлі» достарын шақырады» фестиваліне Ресейден, Татарстаннан, Қырғызстаннан және Тараз қаласынан келген 300-ге жуық өнерпаз балалар қатысты. «Әлия гүлі» халықтық қазақ би ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Айнабекованың айтуынша, балғын өнерпаздар арасындағы мұндай фестиваль еліміздің батыс өңірінде тек Ақтөбеде ғана өтеді екен.
Фестивальдің басты ерекшелігі, балалар шығармашылығына арналғандығында. Яғни, мұнда ән де айтылады, би де биленеді. Осындай үлкен мәдени шараны ұйымдастыруға қалалық әкімдік ұйытқы болды. Оған қатысушы жас өнерпаздар Қобда ауданының Бұлақ ауылында өнер көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фестиваль жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.