Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Алмазбек Атамбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
– Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өте жақсы өтті. Мен ақиқатында бауырластық және әрдайым барынша көмек көрсетуге дайын ниеттегі қабылдауды көрдім. Біз әрқашан Қазақстанның, Қазақстан Президентінің – құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бауырластығына арқа сүйеп келеміз. Біздің арамызда жақсы қарым-қатынастар қалыптасқан. Қазақстан Президентінен үйренеріміз көп. Мен Президент таңдауда Қазақстанның өте жолы болғанын жиі айтатынымды жасырғым келмейді. Бұған Астана қаласы дәлел болып табылады. Бұдан төрт жыл бұрын мен осында Премьер-министр ретінде келдім және Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен бірге Астананың даму макетін қарадық. Ол кезде көптеген ғимараттар болмаған еді. Ол уақытта осының бәрі маған қиял сияқты көрінген. Бүгін Кәрім Қажымқанұлымен бірге қаланы араладық, осы ғимараттардың бой көтергеніне куә болдым. Мен осының бәрі арман, тіпті қиял болып көрінгенімен, енді шындыққа айналып, Қазақстан өмірінде іске асқанына көз жеткіздім. Әрине, мен Қазақстан халқы басшысын таңдағанда өте жолы болған деп санаймын. Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар жаңа сатыға көтерілді. Бұл – нағыз шынайы және достық қарым-қатынастар. Осы айдың ішінде бізге, Бішкекке Қазақстан Премьер-Министрі бастаған делегация келеді, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара интеграцияны алға апару, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірқатар өте маңызды құжаттарға қол қойылатын болады. Сіздердің елдеріңіз Орталық Азиядағы тұрақтылықтың өзегі болып табылады. Бұл елді қалай басқарудың, елдің қандай жолмен жүру керектігінің үлгісі, – деді А.Атамбаев журналистерге арналған брифингте.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.