• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2011

Жүрдек трамвай жүйткитін болады

428 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырыла бастауына орай капсуланы қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жалпы ұзындығы 41,81 ша­қырымдық жобаны 3 кезеңде жү­зеге асыру жоспарланған: «Әуе­жай – Әбу-Даби Плаза» бағыты бой­ынша 1-ші кезеңі, «Әбу-Даби Плаза – Темір жол вокзалы» ба­ғы­тын­да 2-ші кезеңі, «Темір жол вокзалы – Әбу-Даби Плаза» ба­ғы­тында 3-ші кезеңі іске асы­рыл­мақ. Астана қаласының әкімдігі та­ра­пынан арнайы «Астана LRT» ЖШС ком­паниясы құрылды. Бұл компания жеңіл рельсті трамвай құры­лысы мен жобалауға тапсы­рыс беруші ретінде құрылып отыр. Жобаның бірінші кезеңі ая­сын­да «Альстом» компаниясы (Франция) жедел жылдам­дық­та­ғы трамвай өн­ді­рісін қолдануды жоспар­лаған. Әуе­жай мен Әбу-Даби Плаза кешені аралығында бар­лығы 12 пойыз жү­ретін бола­ды. Бір пойыз 250 адам­ды алып жүруге арналған. Ас­та­наның ауа райын ескере оты­рып, стансаны жабық түрде, желдеткіш пен ауа жылытқыштар ор­нату ар­қылы салу жоспарланған. Жолау­шы­лар­дың қауіпсіздігі мен қолай­лылы­ғы үшін стансаларда жер­асты жо­лаушылар жүретін жол­дар, лифтілер мен эскалаторлар орнату қа­рас­тырылған. Бірінші ке­зеңнің құ­ры­лысын қаржыландыру үшін жер­гілікті бюджеттен 5 млрд. тең­ге бө­лінген. Ағымдағы жыл­дың қыр­күйе­гіне дейін респуб­ликалық бюд­жеттен қосымша 13,3 млрд. теңге бөлу жоспар­ла­ған. Екінші кезеңнің құрылысын 2012 жылы респуб­ли­ка­лық бюджет есебінен және Азия Даму банкінен займ тарта отырып бастап, 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.