• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2011

Форумға қатысушылар лебізі

375 рет
көрсетілді

Борис ЯНЧЕВ, Болгария елшілігінің сауда-экономикалық сұрақтар қызметінің басшысы, кеңесші. ІІ Аstana Мining & Мetallurgy атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресінің сұхбат алаңы біз үшін өте пайдалы болып отыр. Бұл алаң тау-кен өндіруші саласын дамытуға, стра­­тегиялық желілер туралы ақпарат алмасуға тап­тырмас жер. Форум тау-кен саласындағы страте­гия­лық век­торларды талқылау үшін баруға тұрарлықтай маңызды оқиға деп айта аламын. Шараға тек шақырумен емес, өз бастамаммен де келіп, қатысып жүрмін. Өйткені өз елімізде де осы саланы жаңа деңгейге көтеруге, дамытуға күш салудамыз. Өкінішке қарай, бізде бұл сала дағдарыс күйінде, «ақсаңқырап» тұр. Нұрахмет БИЖАНОВ, «Қазақмыс» оқу саласы басқармасының бастығы. Форумға біздің көп жұмыскерлер келді. Ал мен оқу саласынан келдім. Біз форумның екінші күні дөңгелек үстел өткізіп, тау-кен ісінде еңбек ететін жас мамандарды оқыту, даярлау тақырыбында әңгімелеспекпіз. Кен-тау өндірі­сінің келешегі мол. Оны дамыту үшін мыс са­ла­сында біз де еңбек етіп жатырмыз. Атап айтсақ, «Қа­зақмыс» компаниясы аясында мамандар да­йындайтын екі колледж аштық. Ал мына форумға келсек, жақсы баяндамалар жасалып жатыр. Тек еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейдегі пікірлермен де таныс болып жатырмыз. Бұл тәжірибе алуымызға өте қажет. Екіншіден, тау-кен саласындағы әріптестік байланысты ны­ғайтамыз. Жаңа мамандармен танысу арқылы байланыс құрамыз. Олардың үлгілі жұмыстарымен тәжірибе алмасамыз. Олег СОСКОВЕЦ, РФ сауда-өндірістік тобы ассоциациясының президенті, кеңес төрағасы. Экономика саласындағы мұндай басқосулардың ресурстары көп шағын мемлекеттер үшін пайдасы зор, өйт­кені ол ресурстардың барлығын өзіне сіңіре алмайды да сыртпен жұмыс істемесе экономикасы тоқырауға түседі. Яғни, тоқтауға әкеледі. Сондықтан, қай жағы­нан алып қарасаңыз да форум жұмысы Қазақстан үшін өте пайдалы болмақ. Ресей мен Қазақстан секілді елдер тау-кен өндірісі саласында саясатты бірігіп жүргізгені абзал. Себебі, Еуропа одағының ұстанған саясаты елдерімізден тек қана шикізатты әкетіп, дайын тауарды сату. Ал біздің тереңдетіп өң­деуі­мізге, ұқсатуымызға олар барынша кедергі қоя­ды. Жоғары технологиялық өндірісті игере қоймаған Ресей Қазақстан секілді мемлекеттерге бірігіп саясат жүргізген пайдалырақ болып отыр.