Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен кеше республикамыздың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа басшылар тағайындалды. Атап айтқанда «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағалығына Айдос Ыдырысұлы Үкібаев келді. А.Үкібаев бұған дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары лауазымын атқарған. «Казахстанская правда» АҚ басқарма төрағасы болып Жанай Сейітжанұлы Омаров тағайындалды. Ол бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы болған еді. «Қазақстан» ТРК акционерлік қоғамының басқарма төрайымы лауазымына Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова келді. Н. Мұхамеджанова бұған дейін «31 арнаның» басшысы болған, деп хабарлады ҚазАқпарат.