Біз Моңғолиядан атажұртымызға егемендіктің елең-алаң шағында көшіп келген едік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың әу бастан ұстанған саясатына орай Семей өңіріндегі ағайындар бізді құшақ жайып қарсы алды. Өз басым мамандығыма орай «Шаған» кеңшарында бөлімше меңгерушісі болып қызметке кірістім. Сөйте жүріп, елге бірге келген ағайындарға да бас болдым. Осындай қамқорлық нәтижесінде бәріміз де осы өңірге біржола тұрақтап қалдық.
Қазірде өзім отбасыммен Семей қаласында тұрып жатырмын. Сырттан келген оралмандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың қай-қайсынан болсын сырт қалған емеспіз. Айталық, ақшалай, малдай да көмек алдық. Кейіннен он сотық жер бөліп беріліп, оған үй тұрғызып алдым. Үш балам да осында келген соң жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіріп, бір-бір мамандық иесі атанды. Бүгінде жақсы еңбек етуде.
Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасымыз аталы сөз айтты. Ендігі жерде той тойлау емес, ой толғаудың кезі келді. Соған орай сырттан келген ағайындар өзімізге ел мен Елбасы тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа іспен жауап беретін уақыт болды деп білемін. Балаларымның алды өз парыздарын өтей бастағанына да қуаныштымын. Иә, бақыт деген осы емес пе!
Тәбілтай ШӘРІП, оралман.
Семей.