• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Сізді ерекше жақсы көреміз!

390 рет
көрсетілді

Мен өз өмірімде Елбасына, Президентке хат жазамын деп ойлап көр­меген едім. Бірақ, адам болған соң, тұйыққа тіреліп, алдыңнан қиын­дықтар, кедергілер кездесетін жағдай­лар болады ғой. Бізге, кәсіпкерлерге тек жұмыс жасау керек, еліміздің  дамуына өз үлесімізді қосып осы са­ланы дамытқымыз келеді. Шынын айту керек, кедергілер аз емес. Мы­са­лы, өз басымнан қазір сондай жағдай өтуде. Қашыр ауданы орталығындағы астық сақтайтын кешенді сатып алып, бидай өсіретін жергілікті жердегі шаруа қожалықтарымен  2004  жылдан бас­тап жақсы жұмыс  жасап келе жа­тыр едік. Былтырлары күтпеген жер­ден ба­сым дауға қалды. Жеке кәсіп­орын­ның жұмыс жасауына бөгет жасап, реті келсе, тартып алғылары келген жергілікті жердегі кейбір бас­шы­лар­мен, құқық қорғау орын­дары­ның заңсыз әрекеттерінен көз аша алмай қалдым. Содан амал жоқ, өз ісім­нің ақ­тығы мен адалдығын дәлелдеу үшін Елба­сына «Бизнесті қорғау» сайт жүйесі арқылы хат жаздым. Осы­дан кейін-ақ, Мемлекет басшысы берген тапсырма­ға орай кәсіпорын жұ­мы­сы­на, өзіме тосқауыл  қоймақ бол­ған­­дар­ға шара қолданылды. Бір ты­ныс­тап, еркіндеп қалдым. Рахмет, Сізге! Құ­қық қорғау орындары енді жұ­мыс жа­сауыма ты­ныштық берер деп ойлай­мын. Кәсіп­керлер Сізге сенеді. Сіздің сеніміңізді ақтауға  дайын­­быз. Құр­мет­ті Елбасы,  Сізді шын жүрек­тен жақсы көреміз! Өзіңіз іргесін қа­ла­ған Астанамен бірге жасай беріңіз. Қанат ШӘЙКЕНОВ, «Агротрейд» ЖШС директоры. Павлодар облысы.