• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Бүгін: қала театрларында, көрме залдарында және демалыс алаңдарында

413 рет
көрсетілді

К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында: «Нұрғиса» хореографиялық спек­таклінің премьерасы өте­ді. Спектакльде қазақтың талант­ты композиторының өмі­рі мен өнері сан қырынан сом­далады. Бұл қойылым астана­лықтар мен қала қонақтарына Нұрғиса Тілендиев әлемін те­рең тануға мүмкіндік береді. Басталуы: сағат 19.00-де. Бейбітшілік және келісім сарайында: әлемдік эстрада жұл­дызы Сара Брайтманның концерті өтеді. Сара Брайтманды дүние жү­зінің өнер сүйер қауымы му­зыка періштесі деп атайды. Өзінің шы­ғармашылық жо­лында ол тыңдар­мандарын клас­сикалық жә­не соңғы 50 жылдағы «поп» музыка кәу­сар­ларымен су­сын­датып келеді. Бас­талуы: сағат 18.00-де. Есіл жағалауы: мұнда қала мерекесіне арналған дәстүрлі ха­лық­аралық суретшілер пленэрі өтеді. Ондаған қылқалам шеберлері Астана тұрғындары мен қала қонақ­тарының назарына өз өнер­лерін ұсынады. Басталуы: сағат 10.00-де. Астана циркі: халықаралық цирк өнерінің «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді. Онда алыс және жақын шетелдердің цирк өнер­лерінің майталмандары өнер көр­сететін болады. Басталуы: 16.00-де. «Қазақ Елі» монументі ал­дындағы алаң: Астана күні мерекесі шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың шырқау шегі болып саналатын «Астана – бақыт мекені» гала-концерті өтеді. Оған отан­дық және шетелдік өнер жұлдыздары қатысады. Басталуы: сағат 21.00-де. Сонымен бірге, қаламыздағы алаңдар мен демалыс бақтарында бұқаралық мәдени шаралар өт­кізіледі. «Жастар сарайы» ала­ңында «Астана самалы» үрлемелі аспаптар оркестрінің халық­ара­лық фестивалі, қалалық алаңда дәмді тағамдардың фестивалі, «Конгресс-холлда» әзіл-сықақ кеші, Есіл жағалауында «Өзен әуен­дері» музыка және балет кеші өтеді.