Қазақстан тәуелсіздігінің жарқын белгісіне айналған қала мерекесінің мемлекеттік маңыздылығы айрықша. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз күш-жігері, саяси көрегендігі, қазақстандықтардың қажырлы еңбегі ел Президентінің орасан зор жобасын жүзеге асыруға жол ашты.
Астана бүгінде – бай дәстүрімен, еңбекқор, қайырымды, қонақжай халқымен, бірегей сәулетті құрылыстары әрі мәдени ескерткіштерімен даңқты Еуразия кеңістігіндегі гүлденген қаланың бірі.
Қазақстандықтар өз елордасын және оның қазіргі заманға сай жетістіктерін мақтан тұтады, оның жарқын болашағына сенеді.
Мерекелеріңізбен, қадірлі достар! Шаңырақтарыңызға татулық пен бірлік, ырыс-құт дарысын!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз!