• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Іске сәт!

505 рет
көрсетілді

Еліміздің индустриялық нысандарына арналған Астанадағы  телекөпірде Елбасына таныстырылған жаңа жобалар Еліміздің Индустрияландыру картасына құны 8,3 трлн.теңге тұратын 469 жоба енгізілген. Олардың құрылыс кезеңінде 141 мың, пайдалану кезеңінде 166 мың жұмыс орны ашылатын болды. Солардың ішінде  2010 жылы Индустрияландыру картасының құны 800 млрд. теңге тұратын 152 жобасы пайдалануға берілді. Осының негізінде 23 мың тұрақты жаңа жұмыс орны құрылды. Ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында құны 114 млрд. теңгені құрайтын 75 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл тағы да 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды деген сөз. Солардың ішінде 8 жоба тікелей телекөпір арқылы Елбасына таныстырылды. Төменде Елбасының батасымен әр сала бойынша іске қосылған осы серпінді 8 жобаның өндірістік сипаттамасы мен әлеуметтік маңызы жөніндегі деректемелерді ұсынып отырмыз. _______________________ АЛТЫН КӘСІПШІЛІГІНДЕ Жобаның атауы: Ақбақай алтын шығару фабрикасының алтын өндірісін жылына 2,8 тоннаға өсіру. Жобаға өтініш беруші: «Алтыналмас» АҚ Сала: Кен-металлургия өнеркәсібі Өңір: Жамбыл облысы Жобаның құны: 8 140 млн. теңге Қуаттылығы: өнімділігін жылына 1,000,000 тонна шикізатқа дейін жеткізу Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 100, пайдалану кезеңінде 450. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат «Алтыналмас» АҚ алтын шығару үшін озық техника мен заманауи шетелдік жетістіктерді пайдаланып, құрамында алтыны бар руданы өңдеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Жобаның құны 8 140 млн.теңгені құрайды. 450 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынды жұмысқа қосу Ақбақай кенті су көзін иеленеді деген сөз. Сондай-ақ, өнеркәсіп энергия жүйесін қалпы­на келтіруге және модернизациялауға мүмкіндік береді. Кәсіпорында кент тұрғындары да пайдалана алатын күшей­тілген медициналық қызмет құрылады. Осыған қоса, жоба­ланып отырған қуатына шыққан кезде ағымдағы бағалар мен алтынға деген сұранысты пайдаланып, кәсіпорын ел бюджетіне 3,0 млрд. теңгеге дейін салық төлей алады. Шикізатты өндіру қуаттылығы жылына 1,0 млн.тоннаға немесе 14,0 млрд.теңгеге дейін өседі. ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІНДЕ Жобаның атауы: Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта құру Жобаға өтініш беруші: «Самұрық-Энерго» АҚ Сала: Энергетика Өңір: Павлодар облысы Жобаның құны: 113 500 млн. теңге Қуаттылығы: 525 МВт Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 750, пайдалану кезеңінде 300. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Осы жобаны жүзеге асыру белгіленген қуатын 1500 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба бірлескен кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өндірісті кеңей­туге; Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен энергети­калық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жобалау-сметалық құжаттамасы (КОТЭС Қазақстан) толық көлемде «Жоба» кезеңінде әзірленді, «Мемсараптау» РМК-дан 2010 жылғы 27 қарашадағы № 01-572/10 оң қорытынды алынды. «Жұмысшы құжаттама» кезеңінің жобалау жұмыстары жартылай орындалды. Тапсырыс беруші инженер қызметтерін әлеуетті жеткізушілерін анықтау жұмысы жүргізіліп, осының қорытындысы бойынша «Lahmeyer International» фирмасы құрамындағы консорциум және АО «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ іріктеліп алынды. Жоба бойынша Бас жобалаушы мен Тапсырыс беруші инженердің қатысуымен негізгі жабдықты жасауға техникалық тапсырмалар өңделіп, бекітілді. Осы кезде бас мердігер мен негізгі жабдықты жеткізушілерді іріктеу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2011 жылғы 23 маусымда «Екібастұз МАЭС-2» АҚ, Сыртқы экономбанк (СЭБ) және Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) арасында кредиттік келісімге қол қойылды. АВТОКӨЛІК ҚҰРАСТЫРУ КӘСІПОРНЫНДА Жобаның атауы: Қостанай қаласында «SsangYong» маркалы автомобильдерді құрастыру өндірісін ұйымдастыру Жобаға өтініш беруші: «АгромашХолдинг» АҚ Сала: Машина жасау Өңір: Қостанай облысы Жобаның құны: 2 400 млн. теңге Қуаттылығы: 2011 жылы 1000-нан аса автомобиль, 2015 жылы - 7500 бірлік. Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде - 20, пайдалану кезеңінде - 35 Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Жобаның мақсаты – бөлшектер мен құраушылар өндірісін меңгеру арқылы оқшаулау деңгейін өсіріп, ірі құрастыру өндірісін ұйымдастыру. Жоғары қосылған құны бар машина жасау өнімін шығару бойынша жаңа заманауи кәсіпорын құру. Өнімді өткізу нарығы - 100% ішкі нарық. Сатып алудағы қазақстандық мазмұнның үлесі – 10-15 % (жұмысшы күші). Өндірісте қолданылатын технологиялар, инновациялық құ­раушысы – автомобильдерді құрастыру операцияларын неғұрлым толық оқшауландырылады деп жоспарланып отыр. Келешекте өндірушімен келісіп, біраз бөлшектер мен құраушылар өндірісін Қазақстанда оқшауландырып, автомобиль қорабын дәнекерлеу цехтарын ұйымдастыру, салонын толық құрастыру, қорабын толық бояу жоспарланып отыр. «АгромашХолдинг» АҚ ҚФ-нда бұрын мұндай жұмыстар орындалмауына байланысты, оны орын­дау үшін Кореяның автомобиль өндірушілерінен техно­логия­ларды трансферттеу қажет болып тұр. Кореядағы жаңа өндірістердің инженерлік-технологиялық әзірлеу қызметтерінде маманданып жатқан Societech Corporation Корея компаниясымен өндірісті әзірлеу бойынша жұмыстың толық кешенін «АгромашХолдинг» АҚ-мен бірлесіп жүргізу туралы келісім жасалған. ЖҮК ВАГОНДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕ Жобаның атауы: Қазақстан Республикасында жүк вагон­дарының өндірісі бойынша кәсіпорын құру Жобаға өтініш беруші: «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС Сала: Машина жасау Өңір: Павлодар облысы Жобаның құны: 7 650 млн. теңге Қуаттылығы: 2000, төбесі жабық вагон - 500 Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде - 614, пайдалану кезеңінде - 676. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Жобаны жүзеге асыру зауыттың қуаттылығын жылына 500 вагоннан 2500 вагонға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба көлік машиналарын жасауды дамытуға бағытталған – зауыттың өндірістік қуаты теміржол саласын вагондармен қамтамасыз етеді, өндірістің диверсификациясын, сондай-ақ, машина жасау, металлургия, химия, басқа да қосалқы өндірістердің дамуын қамтиды. Қысқа мерзімде «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС қосымша өндіріс алаңдарын құрып, содан кейін әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің жоғары технологиялы жабдығын жинастырумен, Екібастұз қаласындағы вагон жөндеу депосының негізінде жүк вагондары өндірісін ұйымдастырды. Жоба толық көлемде іске қосылғанда, қазақстандық мазмұн 92%-ды құрайды. «Қазтеміртранс» АҚ-мен 615 жүк вагонын алу туралы келісім жасалды. ЖЫЛЫЖАЙ ОРТАЛЫҒЫНДА Жобаның атауы: 3 гектар алаңды алатын жылыжай кешенінің құрылысы. Жобаға өтініш беруші: «Green Technology» ЖШС Сала: АӨК және ауыл шаруашылығы өндірісі Өңір: Қарағанды облысы Жобаның құны: 1 042 млн. теңге Қуаттылығы: 1700 тонна көкөніс Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 50, пайдалану кезеңінде 50. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Қарағанды қаласында көкөніс өнімдерін жыл бойы өсіруге арналған 3 гектар алаңды алатын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы. Өндіріс қуаттылығы: Табиғи көріністе - жылына 1700 тонна. Ақшалай көріністе – жылына 425 млн. теңге Жобаланған қуаттылыққа шығу: 2012 жылы. Жобаның басымдықтары: - әлемдегі озат технологиялар; - тасымалдауға деген шығындардың азаюына байланысты, өнімнің өзіндік құны төмен; - жас көкөністі жыл бойы жеткізіп тұру; – экологиялық тазалығымен ерекшелену. ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНДЕ Жобаның атауы: Жетіген-Қорғас теміржол желісінің құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ Сала: Көлік инфрақұрылымы Өңір: Алматы облысы Жобаның құны: 155 000 млн. теңге Қуаттылығы: 293 км Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 5000, пайдалану кезеңінде 2093. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Жетіген-Қорғас теміржол желісінің ұзақтығы - 293 км. Жобада 14 жаңа дара пункттерді ашу қарастырылған. Жоба бойынша қазақстандық мазмұн 80%-дан артық. Құрылыс жұмыстарына 1 700 бірлік құрылыс техникасы, жұмыс істеп жатқандардың саны 5000 адамнан артық. Бірінші қосу кешені нысандарының құрылысын аяқтау және жұмысшы қозғалысты ашу 2011 жылдың желтоқсан айы деп жоспарланып отыр. Осы уақытта жертөсеміне су өткізетін құбырларды құрып, 22 972 мың м3 (97%) жертөсемі алынды, 284 су өткізетін құбырда (96%) темірбетон конструкциялары жинастырылды. 28 көпірдің, 2 жолөтпесі мен Іле өзені арқылы көпір құрылысында қада іргетасында тіректерді құру, көпірлердің аралық құрылыстарын жасау және жинастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 20 көпірдің құрылысында тіректерді орнату жұмыстары аяқталды, бекіту жұмысы аяқталуға таяу, үш көпірден жұмысшы қозғалыс ұйымдастырылды. Жолдың жоғарғы құрылысын орнатуға 281,7 км рельс-шпала торы жиналды да, 60,5 км орнатылды, енді жолды балласттау жұмысы жүргізіліп жатыр. Сыртқы электржабдықтау нысандары мен көлденең электржабдық желілері құрылысында тіректерді жеткізу және орнату жұмысы жүргізіліп келеді, 429 км (47%) сымды ілу жұмыстары орындалды. Дара пункттерде қызметтік-техникалық ғимараттар құрылысының жұмыстары басталды. ТЕҢІЗ МЕТАЛКОНСТРУКЦИЯЛАР ӨНДІРІСІНДЕ Жобаның атауы: Теңіз металконструкцияларының өндірісі Жобаға өтініш беруші: «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС Сала: Машина жасау Өңір: Маңғыстау облысы Жобаның құны: 11 550 млн. теңге Қуаттылығы: жылына 10 мың тонна Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 500, пайдалану кезеңінде 1000. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Өнім ассортименті итальяндық «Розетти Марино» компания­сына сәйкес әрі Қазақстан өндірісінде ұқсастары жоқ. Кешеннің 1-ші кезеңі – кешен қуаттылығы, жылына металко­нструкция­ларды өндіру 10 мың тонна, 1000 жаңа жұмыс орны. Сатып алуларда қазақстандық мазмұн үлесі 50%-ды құрайды. ПРОФИЛЬДІ ҚҰБЫРЛАР САЛАСЫНДА Жобаның атауы: Профильді құбырлар өндірісіне арналған зауыттың құрылысы Жобаға өтініш беруші: «Компания SONIK» ЖШС Сала: Құрылыс индустриясы Өңір: Алматы облысы Жобаның құны: 760 млн. теңге Қуаттылығы: жылына 32 000 тонна Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде - 70, пайдалану кезеңінде - 150. Жоба бойынша әлеуметтік-маңызды ақпарат Тік бұрышты және шаршы қимасымен профильді құбырлар­ды өндіру структурасы. Үлкен, орташа және кіші қимасымен шаршы қалың қабырғалы құбырлар өндіру ассортиментін ұлғайту және жаңа өнімді Қазақстан өңірлеріне және экспортқа шығару. Өнім қазақстандық нарықта жоғары сұранысқа ие, өйткені тұрмыстық және өндірісте пайдалану үшін аса қажетті. Нысанды іске қосу Қазақстан халқын да, таяу шетел елдерін де халықаралық стандарттарға сай, жоғары сапалы құбыр өнімдерімен қамтамасыз етеді.