• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Қамқорлықты түсінеміз

499 рет
көрсетілді

РАХМЕТ! Ұлы дүбірлі Астана тойының қарсаңында редакция поштасына еліміздің әр түкпіріндегі қазақстандықтардан алғысқа толы хаттар келіп түсуде. Ол хаттар сантүрлі тақырыпты қозғағанымен, ортақ түйіні біреу. Адамдар Қазақстанның қазіргі даму бағытына, жеткен жетістіктеріне ризашылықтарын білдіреді. Көпке ортақ сол шапағаттың жемісін жеке  бастарының да көріп жатқандығын айтады. Көптеген хат иелері осы жетістіктердің барлығын Елбасының елімізде жүргізіп жатқан сарабдал  саясатының жемісі ретінде бағалап, Мемлекет басшысына ақжарма көңілден туған алғыстарын жеткізеді. Төменде солардың бірқатарын жариялап отырмыз. ____________________ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ ТҮСІНЕМІЗ Біз – қоғамның қарқынды даму кезінде өмір сүрудеміз. Сол өмір талабына сай адамдардың іс-әрекеті, ойлау жүйесі, бәрі де күннен-күнге күрделеніп, мазмұны тереңдеуде. Бұл – қазіргі ғылыми-техникалық прогреске сай өмір талабы. Соңғы кездерде оқу жүйесі, ғылым талабы жаңа деңгейге көтерілді. Оның үстіне түрлі ақпараттар өте көп. Осыған сәйкес жаһандық ой көбейді. Әр нәрсені әркім өзінше ойлайды, қорытады. Біреулердікі қате, біреулердікі дұрыс болуы мүмкін. Оларға ешкім мынауың дұрыс, мынауың дұрыс емес деп айта ал­майды. Сондықтан осындай ойлардың топ­­талған, жиналған кезінде оларды екшеп, бір жүйеге келтіріп, адам­дардың санасына дұрыс бағыт беру, сол сияқты жастарды келешекте ын­талы етіп тәрбиелеуде ғалымдардың, оқытушы-профессорлардың алдында үлкен жұ­мыс, атқаратын іс туын­дайды. Әри­не, ғалымдар, оқытушы­лар осыған уақыт бөліп, еңбектену­лері керек. Бұл – күн­делікті істеліп жатқан жұмысқа қо­сым­ша талап. Елбасы­мыздың, Үкіметтің бастама­сын қолдап, халыққа түсін­діруде біздің атқаратын қызметіміз өте маңызды. Елбасымыз осы күнделікті қара­пайым еңбегімізді бағалап, бізді қол­дап, еңбекақымызды көтеріп жатқа­ны­на ризашылығымызды білдіреміз. Өткен жылы ғана жалақымыз 25 пайыз­ға көтерілсе, биыл 30 пайызға көтеріліп отыр. Мыңдаған оқытушы-профессорлар мен ғалымдар бұл қам­қорлықты түсініп, халыққа, қо­ғам­ға қалтқысыз қызмет етеді деп сенемін. Досмұхамед КІШІБЕКОВ, ҰҒА академигі, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры. Алматы.