«ӨТМК» АҚ: экспорттық әлеует
ҚАНАТТЫ МЕТАЛЛ ӨНДІРУШІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып өтетін жылы «Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ әлемдік рынокта ерекше қызығушылық туғызған кезекті жоғары жетістікке қол жеткізді. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан отандық үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бұл кәсіпорында титан өнімдерін әлемдік рынокқа шығару әлеуетін жүйелі түрде арттыру және жаңа технологиялық жетістіктерді өндіріске енгізу жөніндегі жұмыс лайықты жалғасын табуда. Төменде оқырмандарға комбинат үшін, жалпы алғанда тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше елеулі оқиға болған бір жайды жан-жақты баяндаймыз.
«EADS», «Aubert&Duval», «ERAMET Group» және ҐТМК титан жеткізу жґніндегі ґздерініѕ интеграциялыќ жїйесін ныєайтуда
Париж, «Ля Бурже», 24 маусым 2011 ж.
«EADS» және «UKAD» компаниялары «Aubert&Duval» кәсіпорнымен бірлесе отырып және «ӨТМК» АҚ арасында «EADS» компаниясы жүзеге асырып жатқан бағдарлама бойынша, оның ішінде «Airbus» ұшақтары үшін бекіту бұйымдарын және металдарды қақтау үшін титанның жартылай фабрикаттарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. 2011 жылғы 24 маусымда Париждегі Ля Бурже әуе-шоуында қол қойылған бұл келісім «ӨТМК» АҚ-ның титан өнімдерін 2022 жылға дейін жеткізіп тұруды қарастырады.
2010 жылы қол қойылған «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қосымша бұл жаңа келісім «Өскемен Титан-магний комбинаты» мен «Aubert&Duval», «EADS» компаниялары арасында толықтай интеграцияланған титан жеткізу жүйесін құруға бағытталған. Осы ретте «UKAD» компаниясы ӨТМК шығарған титан құймаларынан жартылай фабрикаттар шығаруға жауапты болса, «Aubert&Duval» компаниясы әуе кемелерінің компоненттерін шығару үшін аса қажетті қақталған бұйымдар дайындауға жауапты.
Өскемен Титан-магний комбинаты мен «EADS» компаниялары осы стратегиялық келісімнен басқа, «UKAD» және «EADS»-ның басқа да жеткізушілерін титан шикізатымен 2022 жылға дейін толық қамтамасыз ету жөнінде келісім жасау туралы шешімге келді.
«EADS» компаниясы ӨТМК-нің титан құймалары мен балқымаларын шығару жөніндегі жаңа зауыттың тиімді жұмыс істеуіне ерекше мүдделі болып отыр. Қол қойылған бұл келісімдер Өскемен Титан-магний комбинатының «EADS» компаниялар тобының барлығы үшін титан шикізатын жеткізетін шешуші кәсіпорын жөніндегі беделін арттыра түседі. Титан балқымасы әуе кемелерін жасау өндірісінде кеңінен қолданылады. Бұл металл әуе кемелерінің салмағын жеңілдетеді, беріктігін арттырады және даттануға қарсы ерекшеліктерін арттырады.
«EADS» компаниясы туралы
«EADS» әуе-космос және қорғаныс саласының, сонымен бірге оларға қызмет көрсететін құрылымдардың әлемдік жетекші компаниясы болып есептеледі. «Airbus», «Astrium», «Cassidian» және «Eurocopter» компанияларын қоса есептегендегі «EADS» компаниялар тобының 2010 жылғы табысы 45,8 миллиард еуроны құрады. «EADS» компаниялар тобында бүгінде 122 мыңға тарта адам еңбек етеді.
«UKAD» және «Aubert&Duval» ќўрылтайшы-компаниялары мен ҐТМК туралы
Францияның Сен-Жорж-де-Мон қаласында орналасқан «UKAD» бірлескен кәсіпорны «ӨТМК» АҚ-ның титан құймаларын жартылай фабрикаттар ретінде қайта өңдеу мақсатында 2008 жылы құрылған болатын. Бұл жартылай фабрикаттардан әуе кемелерінің қосалқы бөлшектерін жасайтын қақталған және бекіту бұйымдары жасалады. «UKAD» зауыты өнеркәсіптік пайдалануға 2011 жылғы қыркүйек айында берілмек. «UKAD» зауытының құрылысын салуға тартылған жалпы инвестиция көлемі 47 миллион еуроны құрады.
«Aubert&Duval» компаниясы туралы
«ERAMET» тобына кіретін «Aubert&Duval» компаниясы жоғары дәрежедегі қоспалар қосылған балқымалар шығаруға маманданған компания болып табылады. Сонымен бірге ол әуе-космос және энергетикалық өнеркәсіп үшін алюминий және титан балқымаларын, супербалқымалар, жоғары дәрежелі сападағы арнайы болат шығару жөніндегі әлемдегі жетекші өндірістердің бірінен саналады.
Өскемен Титан-магний комбинаты туралы
ӨТМК шикізат шығарудан бастап металл өндіруге дейінгі кешенді саланы қамтитын интеграцияланған титан өнеркәсібі болып табылады. Сонымен бірге, ол әуе-космос өнеркәсібі үшін ірі әлемдік шикізат жеткізуші болып табылады. 2011 жылы ӨТМК титан құймалары мен балқымаларын өндіру жөніндегі жаңа ірі зауытты өндіріске қосты.
«Өскемен Титан-магний комбинаты» АҚ.