• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Қаңтар, 2017

Головкин мен Сондерс жекпе-жек өткізе ме?

4331 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерспен айқасуы мүмкін екендігі жөнінде оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Шынымды айтсам, бұл жекпе-жек әзірге біздің жоспарымызда жоқ. Джейкобс оңай қарсылас емес, сондықтан Головкиннің бар ойы 18 наурыздағы бокс кеші жайлы. Егер ол күні жеңіске жетсе, Сауль Альвареспен ортақ келісімге келгіміз келеді», – деді Леффлер.

«Сауль 6 мамыр күні кезекті ұрысын өткізеді. Ал Геннадийдің бар мақсаты – орта дивизиондағы титулдарының басын біріктіру. «Канелоға» қарсы жекпе-жегі осыған дейін өткізгендерінің ішіндегі ең айтулысы болар еді. Наурыз айында мақсатымызға жетсек, соңғы бес жылда армандап жүрген үлкен кездесулер өткізуге мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын», – деді промоутер.

Айта кетейік, бірер күн бұрын британиялық БАҚ Головкин мен Сондерс биыл Астанада ЭКСПО кезінде айқас өткізетінін хабарлаған болатын.