Кеше Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының президенті Евгений Велиховпен кездесті.
«Академик Е.Велиховпен термоядролық синтез туралы сөйлестім», – деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында.
Кездесу барысында атом саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Курчатов қаласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметінің төрағасы Виктор Ивановпен кездесті.
* * *
Осы күні Кәрім Мәсімов «Современник» театрына барып, А.Грибоедовтың «Ақылдың азабы» пьесасы бойынша қойылымды тамашалады.