• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

Құрметті қызмет мерекесі

431 рет
көрсетілді

1992 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық арнайы қызмет – Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Кәсіби мерекеге байланысты салтанатты жиын өткізілді. Комитет төрағасы Нұртай Әбіқаев ҰҚК органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, оларға Отан алдындағы адал қызметі мен жеке батылдығы үшін алғыс білдірді. Бірқатар қызметкер төрағаның қолынан ведомстволық награда алды. Сондай-ақ осы салтанатты күнде ҰҚК 90-жылдардың басында өткізген «Сапфир» деген операцияның кинонұсқасы – «Урановый тайфун» (режиссері Игорь Вовнянко) телефильмін жасаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді. Шығармашылық топты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ермек Аманшаев бастап келді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.