• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2011

Жауынгерлік дайындыққа жоғары баға

348 рет
көрсетілді

Алматыда қорғаныс ве­домствосының басшысы Әділ­бек Жақсыбековтің төр­аға­лы­ғымен Қорғаныс министр­лі­гі­нің көшпе­лі алқа отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес бірінші жар­ты­жылдықтағы жауын­гер­лік жә­не жедел әзірлік­тің қоры­тын­ды­сы шыға­рыл­ды. Әскер­лер­дің да­йын­дығы және жауын­герлік әзірлік сапасын арттыру мәселе­ле­рі қарас­тырылды. Қа­зақ­стан әс­керінің қару-жарақ және әскери техни­ка­сын да­мы­ту тұжырым­д­а­масы, сон­дай-ақ Қарулы Күштер басшылық құ­ра­мы­ның әскери тәр­тіп пен құ­қық тәр­ті­бін қамтамасыз ету бо­йын­­ша жұ­мыстары талқыланды. Отырыста министр Қазақ­стан әскері жауынгерлік әзірлік­те негізгі салмақты жеке құрам­ның дайын­ды­­ғына арнайтынын атап өтті. Бі­рақ бұл санды арт­тыру деген сөз емес. Қазақ­стан әс­керін­дегі дайын­дық сапалық сипатқа ие болуы керек. Қарулы Күштерді техника­лық жарақтандыру да жауын­гер­лік әзір­лікпен тығыз бай­ланысты. Әскери қызметшілерді әлеу­мет­тік қам­та­ма­сыз ету мәселесі де ба­рынша ма­ңыз­­ға ие. Қазіргі уа­қыт­та «Әскери қыз­мет және әскери қыз­мет­шілер­дің мәр­те­бесі туралы» заң жобасы жасалуда. Бұл құжат­тың негізгі мақ­саты – әскери қыз­метші­лердің әлеуметтік қам­­та­ма­сыз етілу жүйе­сін жетілдіру. Әлеу­мет­тік қам­та­масыз ету көлемі қыз­мет жағ­дайына байланысты болады. Алқа отырысында жұмыл­дыру күштерінің дайындығы­мен әскери қызметшілерді ме­ди­цина­лық қам­та­ма­сыз ету мәселе­лері көтерілді. Оксана ПАРПУРА. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.