Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 бұйрығымен бекітілген Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі 1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу үшін жабдықтарға және қол жеткізу шартын анықтайды. 2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар (бұдан әрі – Зертхана) өз қызметтерін «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады. 3. Зертхана қызметкерлері жабдықтардың сақталуын, олардың жұмысқа жарамдылығын сақтауды, сондай-ақ тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі салаларындағы талаптарды, құрал-жабдықтарды және талдамалық, ғылыми-зерттеу жабдықтарын өндірушілердің ұсынымдарын орындайды. 4. Зертхана құрылымында зертхана орналасқан ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғалымдарына және қызметкерлеріне құралдарды пайдалануға және (бекітілген ғылыми бағыттар шеңберінде) зерттеулерді орындауға қолжетімдікті қамтамасыз етеді. Басқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қол жеткізуі шарт негізінде жүзеге асырылады. 5. Зертхана меңгерушісінің жазбаша келісімімен сабақ жетекшісінің және жабдыққа жауапты инженердің қатысуымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау берілгеннен кейін ғылыми жабдықтарды пайдалануға рұқсат етіледі. 6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (бұдан әрі-Тапсырыс беруші) ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізуге өтінімді осы Ережеге 1-қосымшадағы нысанға сәйкес береді. 7. ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізудің міндеттеріне сәйкес өтінім ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларға зерттеуді анықтауға және орындау үшін беріледі. 8. Зертхана меңгерушісі тапсырыс берілген жұмыстардың орындалу мүмкіндігі мен олардың санын келісу үшін өтінімге талдау жасайды, осының негізінде орындалар жұмыстың нәтижелерін беру күнін анықтайды. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушімен кеңеседі. Егер тапсырысты орындау мүмкін болмаған жағдайда Зертхана меңгерушісі өтінім келіп түскен сәттен бастап жазбаша түрде бас тартудың себебін жазып, түсініктеме береді. 9. Келісілген жағдайда Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында ҒЗТКЖ қызметтерін көрсетуге арналған шарт осы Ережеге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалады. 10. Зертхана жүргізілетін ҒЗТКЖ құпиялылығын, тапсырыс берушінің зияткерлік меншік құқығының сақталуын қамтамасыз етеді. 11. Тапсырыс беруші талдамалық және зерттеу жұмыстарының кейбір түрлерін орындау кезінде қатыса және ғылыми жабдық инженеріне зерттеу саласы, зерттеу әдістері жөнінде ұсыныстар жасайды. 12. Тапсырыстардың орындалуына Зертхана меңгерушісі бақылау жасай алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін меңгеруші орындаушы(лар)мен бірге есепті осы Ережеге 3-қосымшадағы нысанға сәйкес және орындалған жұмыс нәтижесі бойынша ҒЗТКЖ қызметтерін көрсету хаттамасы түріндегі қорытынды есепті осы Ережеге 4-қосымшадағы нысанға сәйкес үш күн ішінде дайындап, тапсырыс берушіге ұсынады. 13. Орындалған жұмыс екі жақтың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған орындалған жұмыс актісі арқылы осы Ережеге 5-қосымшадағы нысанға сәйкес беріледі. Тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде қабылдау-табыстау актісіне қол қояды немесе қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме береді. Егер белгіленген мерзімде (үш күн ішінде) қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме түспесе, жұмыс толық көлемде орындалды деп есептеледі. 14. Тапсырыс беруші ҒЗТКЖ бойынша көрсетілетін қызмет нәтижелеріне қанағаттанбаса, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша арыз түрінде өз наразылығын білдіре алады. 15. Тапсырыс берушіге төлем төлеу-келісім негізінде қолма-қол есептесу немесе ақша қаражатын кассаға төлеп, ақшасыз есеп айырысу арқылы немесе Орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүзеге асады. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 1 қосымша Нысан ________________________________ ға ________________________________ дан ( субъектінің толық атауы) Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-констукторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған Өтінім _______________________________________ зертхананың атауы _______________________________________ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне келесі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындау үшін _______________________________________ жұмыстың атауы 20__ж. «____» «_____________» Заңды тұлға/жеке тұлға басшысы _______________________________________ (Қолы) (Т.А.Ә.) Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 2 қосымша Нысан Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-констукторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ 20__ ж «_____» ___________ № ____ Астана қ. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________атынан__________________________, бір жағынан және бұдан әрі Орындаушы деп атала-тын__________________________________атынан _______________, екінші жағынан, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты: 1. ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өз мойнына алады: Бағыты: Тақырыбы: 2. БІЛІКТІЛІК БЕЛГІСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР 2.1. Жұмыстардың бағыты: 2.2. Қолдану саласы: 2.3. Соңғы нәтиже: 2.4. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалығы): 3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТАЛАПТАРЫ 3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер ескеріліп, қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық шығындар құнын қоса есептегенде, ____________ (сөзбен) теңгені құрайды. 3.2. Орындаушының қызметтерін Тапсырыс беруші төмендегідей ретпен төлейді: Тапсырыс беруші өтінім берілген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде шарт сомасының 30%-ы көлемінде алдын ала төлем жасайды. Бұдан әрі Тапсырыс берушінің төлем жасауы Орындаушы орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін ұсынып, Тараптар аталған актілерге қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады. 3.3. Осы тармақтың талаптары құрамында Зертханалары бар ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғылымдары мен кызметкерлеріне таратылмайды. 4. ЖҰМЫСТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАП АЛУ ТӘРТІБІ 4.1. Орындаушы шарттың орындалуының жекелеген кезеңдерінде және аяқталған соң ресімдеуге және тапсыруға тиісті ғылыми, техникалық және басқа да құжаттамалардың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттарында анықталған. 4.2. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіпте ресімделген құжаттаманы тапсыру Орындаушының аннотацияланған есебімен жүзеге асырылады. 4.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – жұмыстар) туралы есепті ұсынады. 4.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдап, төлеуге құқылы. 4.5. Егер жұмыстарды орындау процесінде теріс нәтиже алуға мәжбүр болатындығы немесе жұмысты әрі қарай жүргізудің мақсатқа сай еместігі анықталса, Орындаушы оны тоқтатып, жұмыс тоқтатылған күннен кейін 5 күн ішінде Тапсырыс берушіні хабардар етуге міндетті. Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі және бағыттары туралы мәселені қарастырады. 5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 5.1. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптарға қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарда және тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. 5.2. Жұмыстар көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда Орындаушы әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін осы шарттың 3.3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда шарттың жалпы сомасының 0,03%-ы көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді. 5.3. Орындаушы бағдарламаның жекелеген жобалары бойынша жұмыстарды тиісті түрде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші жобаларды олардың орындалуының кез келген кезеңінде қаржыландыруды тоқтатуға құқылы. 1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ Орындаушы: Тапсырыс беруші: ________________ _______________ Орындаушы атынан: Тапсырыс беруші атынан: _______________ _______________ (қолы) (қолы) М.О. М.О. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 3 қосымша Нысан Ұйымның атауы Зертхананың атауы «Бекітемін» Ғылым жөніндегі проректор ____________ Т.А.Ә. 20___ ж. «___» ____________ ЕСЕП _______________________________________ _______________________________________орындалған жұмыс бойынша (20___ ж. « » № орындалған жұмыстың актісіне қосымша) Үлгі: ___________________________ Тапсырыс беруші: _______________ Шарт №________________________ Зертхана меңгерушісі ___________/Т.А.Ә/ Инженер-зерттеуші _______/____________/ Зерттеулер жүргізілді ________________ Қаланың атауы 20___ жыл Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 4 қосымша Нысан Ұйымның атауы Зертхананың атауы «Бекітемін» Ғылым жөніндегі проректор ____________ Т.А.Ә. 20___ ж. «___» ____________ Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсету хаттамасы _____________________________________ _________________________________үшін (20___ ж. «__»___№____орындалған жұмыстың актісіне қосымша) Үлгі: ___________________________ Тапсырыс беруші: ___________________ Келісім №__________________________ Зертхана меңгерушісі ____________/Т.А.Ә/ Инженер-зерттеуші ________/____________/ Зерттеулер жүргізілді ________________ Қаланың атауы 20___ жыл Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 5 қосымша Нысан Орындаушының атауы: ______________________________ Мекенжай: ________________________ ЖСК______________________ ________ БСК_______________________________ КБЕ ______________________________ СТН ______________________________ БСН/ЖСН_________________________ Тапсырыс берушінің атауы: _________________________________ Мекенжай: ________________________ ЖСК _____________________________ __________________________________ БСК _____________________________ КБЕ _____________________________ СТН _____________________________ БСН/ЖСН_________________________ Орындалған жұмыстар АКТІСІ _________________ж. ______ шарт бойынша (20__ж. ____) _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ «_____» _______________ ж. Біз, төменде қол қоюшылар, ______атынан Орындаушы ________________________, бір жағынан және Тапсырыс беруші _________________, екінші жағынан, ғылыми-техникалық өнімнің шарт талаптарын қанағаттандыратыны және тиісті тәртіпте ресімделгені туралы акт жасадық. Орындалған жұмыстардың түрлері: __________________________________________________________________________________________________________________________ Келісім-шарт бойынша шарттық баға ______________құрайды (сөзбен). Орындаушыға аударылған алдын ала төлем сомасы: ______________(сөзбен) теңге. Орындалған жұмыстар бойынша бұрын актіленген сома: ______________( сөзбен) теңге. Орындаушының көрсетілген жұмыстар түрін орындауы үшін жұмсалған нақты шығыстардың сомасы: ______________( сөзбен) теңге. Орындаушының аударуы қажет сомасы: ______________( сөзбен) теңге. ОРЫНДАУШЫДАН жұмысты тапсырды _______________________ ______________ ТАПСЫРЫС БЕРУШІДЕН жұмысты қабылдады _______________________ _______________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 20 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7019 болып енгізілді.
•
16 Шілде, 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 201
515 рет
көрсетілді