Қазақстан Республикасы Оңтүстік Судан Республикасын егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде танитынын мәлімдейді. Жаңа ұлттың құрылуы ұзақ әрі күрделі келіссөздер үдерісінен туындаған айтулы жетістік.
Қазақстан Республикасы Референдум және мемлекеттік құрылыстың тиісті кезеңдері бейбіт әрі өзара құрмет білдіру жолымен өтті деген халықаралық қауымдастықтың пікіріне қосылады. Сонымен қатар Қазақстан шешілмеген мәселелерді барлық қатысты тараптардың қатысуымен бейбіт түрде қарастырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне лайық ортақ қорытындыға келуге болатынына үмітін білдіреді.
Қазақстан Африкалық одақ, БҰҰ Бас хатшысы, «Үштік» араағайындары мен әлемнің барлық түкпіріндегі көптеген достар мен әріптестердің осы тамаша жетістікке қол жеткізу жолында атқарған жұмыстарына өз құрметін көрсетеді.
Қазақстан Оңтүстік Судан жаңа тәуелсіз мемлекетіне бейбіт және гүлденген болашақ құру жолында сәттілік тілейді.
Астана, 15 шілде 2011 жыл.