• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2011

Басым бағыттар белгіленді

255 рет
көрсетілді

Кеше Экономикалық қыл­мыс­қа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес агенттігі ағымдағы бірінші жарты­жыл­дықтың жұ­мы­сын қоры­тын­ды­лады. Олар­дың мәліметі бойын­ша осы кезең ішінде 4,5 мыңға жуық қыл­мыстар анықталып, 4 мыңнан астам іс сотқа жолдан­ды. Мемлекетке келтірілген 160 млрд.теңге залалдың 133,5 млрд. теңгесі қай­тарылды. Мыңнан аса сыбайлас жемқорлық қыл­мыс анықталды, 700-ге жуық қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлық факті­лерінің жартысынан көбін пара­қорлық пен бюджет қара­жатын талан-таражға салу құраған. Осы жарты жыл ішінде ғана 3 мыңнан астам экономикалық қыл­мыстың жолы кесіліп, олар­дың үштен бірі салық төлеуден жалтару мен жалған кәсіпкерлік болған. Жалған кәсіпорын­дар­дың есеп-шоттары арқылы қа­ра­­жатты қолма-қол ақшаға заңсыз ауыстырумен айналы­сатын 23 қылмыстық топ қолға түсті. «Қорғас» және «Қалжат» кедендік бекеттері арқылы тауар­ларды контрабандалық жолмен өткізумен ұзақ уақыт айналыс­қан ұйымдасқан қылмыстық топ мү­шелеріне қатысты қыл­мыстық істе жаңа мән-жайлар ашылыпты. Материалдық сый­ақы үшін ұйым­дасқан қылмыс­тық топтың қызметіне қамқор­лық жасаған құқық қорғау және кедендік органдардың кейбір лауазымды түлғалары да қамау­ға алынған. Әрбір көліктен алы­натын заңсыз төлемнің мөлшері 25-30 мың АҚШ долларын құ­раған, оның тек 5 мың доллары ғана бюджетке түсіп, қалғаны қылмыстық топ мүшелері мен олардың қамқор­шыларына берілетін параға жіберілген. Бір жылдың ішінде ғана қыл­мыстық топ мүшелері мен құқық­ қорғау органдарының жеке лауазымды тұлғаларының кон­тра­бандалық тауарды кедергісіз алып кіруі үшін алған мате­риал­дық сыйақысы 100 млн. долларға дейін жеткен. Ал бұдан бұрын Жоғарғы Сот­тың азаматтық және әкім­ші­лік істер жөніндегі сот алқа­сы­ның төрайымы Ташенова мен Жоғарғы Сот судьясы Жәкішев­ке қатысты мемлекетке 495 млн.теңге залал келтіру және қыз­мет өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қоз­ғалған болатын. Енді Та­шеноваға қатысты аса ірі мөл­шерде 70 мың АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша, ал Жәкі­шевке қатыс­ты – аталған сомада пара беру фактісі бойынша қыл­мыстық істер қосымша қозғалды. Бұған қоса тағы да Ташеноваға қатыс­ты бюджетке 386,6 млн.теңге көлемінде салықты түсір­меуге себеп болған қадағалау өндірі­сін қозғаудан бас тарту қаулы­сын шығару фактісі бо­йынша қо­сымша қылмыстық іс қозғалған. Жалпы аталған мерзім ішін­де сыбайлас жемқорлық қыл­­мыстар үшін 14 орталық мемлекеттік ор­гандардың басшы­лары мен 200-ден астам жергілікті орган­дар­дың лауазымды тұлға­лары жауап­қа тартылған көрі­неді.  Алқа оты­рысында Эко­но­­ми­­калық қыл­мыс­қа және сы­байлас жем­қор­лыққа қарсы кү­рес агенттігінің төрағасы Қай­­рат Қожамжаров Елбасы­ның тапсырмасы бойын­ша сы­байлас жемқорлыққа және «көлеңкелі экономикаға» жү­йе­лі түрде қар­сы тұру,  азаматтар мен мемле­кеттің құқық­тарын қорғау, кіші және орта бизнес субъек­ті­лерін олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау қаржы поли­циясы ор­ган­дарының қызметін­дегі ба­сымдықтар болып табы­ла­тын­дығын атап өтті. АлександрТАСБОЛАТОВ.