• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2011

Құқық қорғау ерекше назарда

343 рет
көрсетілді

Еліміздің Бас прокуратурасы Конституциямызда жазылғандай, заңдылықты қадағалау барысында барлық салада құқық қор­ғауға айрықша назар аударып отырады. Үстіміздегі жылы Президент «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республи­касының Үйлестіру кеңесі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Осылайша, прокуратура органдарына енді барлық құқық қорғау қызметін үйлестіру жөніндегі жауапты міндет жүктелді. Осыған орай кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен еліміздің Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Өткен кезеңде прокуратура органдары Елбасының тапсыр­ма­ларын жүзеге асыру бағытында жұмыс істеді, – деді Бас про­курордың бірінші орынбасары Иоган Меркель. Олардың ішінде құқық қорғау органдары тиімділігін арттыру және қызметін одан әрі жетілдіру, қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресу, қыл­мыстық заңнаманы ізгілендіру, азаматтардың құқықтары мен кәсіпкерлерді қорғаудың кепілдігін арттыру, сондай-ақ тұтастай қадағалау қызметін одан әрі жетілдіру басым бағытта жүрді. Кәсіпкерлерге заңсыз тағай­ын­дал­ған мың жарым тексеруге тосқауыл қойылды. 378 заңсыз тексеру анықталды. 800-ден астам адам тәртіптік, 147-сі әкі­м­шілік  жауапкершілікке тартыл­ды. 6 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өткен жартыжылдықта тергеу мен анықтаудың заңдылығын қа­дағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстар бірқатар алға басты, деді бұдан әрі Иоган Меркель. Құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларын орын­дай отырып, прокуратура сотқа дейінгі өндірісті түбегейлі өз­гертудің бастамашысы болды, нәтижесінде жаңа Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жобасын жасау басталды. Есепке алу, тіркеу тәр­тібіне қадағалау тиімділігін арт­тыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Азаматтар СМС хабарлама жіберу арқылы арыздары мен хабарламаларының қаралу барысын бақылап отыра алады. БТА Банк активтерін мемлекетке қайтару және кінәлі адам­дарды жазалау бойынша жұмыс­тар жалғасуда. Жалпы сомасы 1 трлн. теңгені құрайтын талап арыз енгізілді. «Валют транзит банк» АҚ басшысы және оның акционері Беляев 10 жылға бас бос­тандығынан айырылды. Сол сияқ­ты халықаралық ынты­мақтастық аясында бірқатар жетістіктерге қол жетті. Қылмыспен күрес са­ла­сында халықаралық ынты­мақтас­тықты нығайту жө­нін­дегі жұмыс­тар жүргізілуде. Мәселен, Бас прокуратура шет мемлекеттер іздестіріп жүрген 56 адамды беру туралы шешім қа­былдады, олар­дың ішінде үшеуі алыс шет елдерден   (Корея және Түркия). Қа­зақ­стан аумағына 30 адам экстра­дицияланды. Швеция қарақшы­лық шабуыл жасағаны үшін Қа­зақстан Республикасы іздеу жа­рия­лаған  Ирисметов Авазбекті берді. Қазір­гі уақытта ол Қазақ­стан аумағына әкелінді.Испания Корольдігі Мәм­бетовті берді.Осындай шешімдер азаматтар­дың құқықтары мен бостан­дық­тарын қамтамасыз ете алатын жеткілікті құқықтық механизмдер бекітілген мемлекет ретінде Қа­зақстанның құқық қорғау жүйе­сіне деген се­німнің көрсет­кіші болып та­былады. Алқада азаматтардың, кәсіп­кер­лік өкілдерінің, үлескерлік құ­рылысқа қатысушылардың құ­қық­тары мен заңды мүдделерін қо­рғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсыр­ма­ларын сапалы және уақтылы орындау бойынша өзге де ма­ңыз­ды міндеттер мен алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындал­ды. Нәтижесінде облыс прокурор­лары және оларға теңестірілген прокурорлар, бейнеконферен­ция­лық байланыс арқылы облыстық және аудандық прокуратур­алар­дың қызметкерлері қатысқан алқа жұмысының қорытындысы бо­йын­ша Бас прокурор олардың алдына ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, көлең­келі экономикамен күрестегі үй­лес­тірушілік рөлін күшейту, кәме­летке жасы толмағандарға, зейнеткерлерге, мүгедектер және бас­қа мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға зәру адамдардың про­бле­маларына және құқықтары­ның бұзылуына үнемі назар аудару, кәсіпкерлердің қызметіне құ­қық қорғау органдары тарапынан негізсіз араласуды болдырмау жә­не олардың құқықтарын қорғауды қадағалауды күшейту секілді бір­қатар тапсырмалар берді. Александр ТАСБОЛАТОВ.