• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы№526

253 рет
көрсетілді

2011 жылғы 17 мамыр,   Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 146-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерінде: міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін қолдану жөніндегі ескертпенің 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте осы тармақтың қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға арналған шарттарға таралады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.