Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған ең өзекті мәселелердің бірі – ел азаматтарына әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету. Тұрғын үймен қамсыздандыруға жағдайды құру қажеттілігі аясында Конституциялық ережені жүзеге асыру үшін 2000 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заңда Қазақстанда сапалы жаңа жүйе арқылы тұрғын үйді алу үшін принциптер мен механизмдер енгізілген. Айта кетерлік бір жайт, ТМД елдері бойынша Қазақстан табысы көп емес адамдарға арналған тұрғын үй құрылыс жүйесін енгізген бірінші мемлекет болып табылады. 2003 жылдың 10 шілдесінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Осы күннен бастап, қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін жақсартуға бағытталған Банктің ресми жұмысы басталды. Көптеген сарапшылардың пікірінше, еліміздегі екінші дәрежелі банктердің арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметі ерекше, әрі оның қызметі мен ұсыныстары тұрғындар үшін ыңғайлы. 2003 жылы Банк іргетасы қаланғаннан бастап, 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін 95,82 миллиард теңгеге тұрғын үй заемдары беріліп, 245 286 тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалынды. Банк клиенттерінің көпшілігінің айтуынша, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мыңдаған қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешуші Банк ретінде мойындалып отыр. Пайыздық мөлшерлемесі төмен, тиімді шарт талаптары және жоғары сапалы қызмет көрсету – болашақ клиенттерді өзіне шақыруға Банктің негізгі құралдары болып табылады. Барша қазақстандықтардың сұранысын және қалауларын қанағаттандыру үшін Банк «Бастау», «Болашақ», «Өркен» және «Кемел» тарифтік бағдарламаларын қарастырған. Банктің болашақ клиенттерінің басқа банктерде алынған несиелерін қайта қаржыландыру мүмкіндігі де бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін Қазақстанның азаматтарына кең тарату мақсатында 2006 жылдың мамыр айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында келісім жасалған болатын. Содан бері осы келісім арқылы «Қазпошта» АҚ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» атынан поштаның облыстық және аудандық тораптарында клиенттермен келісім-шарт жасасуға уәкілдік қызметтер көрсетіп келе жатыр. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан Республикасының 2011-2014 жылдар аралығындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басты операторы болғандықтан, осы бағдарлама аясында Банк арқылы 60 000 адамға 14 000 жаңа пәтерді қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Бұл бағдарлама әлеуметтік тұрғыдан сипатталады, сондықтан ол барша халықтың мүмкіндігіне, оның ішінде мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне қолайлы болып табылады. Осы механизмді іске қосу үшін 2011-2013 жылдар аралығында 80,8 миллиард теңге, оның ішінде 28,8 миллиард теңге осы жылы жұмсалу қарастырылған. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылған күнінде алдымен өз болашақтарын, өз отбасыларын осы банкпен байланыстырған клиенттерді құттықтағымыз келеді. Әдетте туған күнде сан алуан сыйлықтар берілетіні белгілі, бірақ біз үшін ең басты сыйлық – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаншама адам өз тұрмысын жақсартып, өз баспанасында болмыс бақытын сезінген қазақстандықтарды көру. Міне, осы болар, халыққа қызмет көрсетіп, тер төккен Банк еңбегінің ең басты нәтижесі... Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz
Ибраһим КАППАСОВ.