• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2011

Скотланд-Ярд басшылары отставкаға кетті

379 рет
көрсетілді

Америкалық медиамагнат Руперт Мердокқа қарасты, қызметкерлері Ұлыбританияның қара­пайым азаматтары мен белгілі қайраткерлерінің телефондағы әңгімелерін тыңдайды деген күмән тудырып отырған News of the World таблоиды төңірегіндегі дау-жанжал өрши түсуде. Осы оқиғалар аясында Лондон полициясы қазірдің өзінде өзінің екінші басшысынан айырылды. Бұл жолы полиция бастығының орынбасары Джон Йейтс отставкаға кетті. Оның алдында Скотланд-Ярд басшысы Пол Стивенсон осындай шешім қабылдаған болатын. Осыдан аз уақыт бұрын қайта басталған тергеу мәліметтері бойынша, басылым журналистері Корольдіктің 3,7 мыңға жуық тұрғындарының әңгімелесулерін тыңдаған көрінеді. Екі басшының адалдығы мен кәсібилігі еш күмән тудырмайды, бірақ News of the World қызметкерлері мен Лондон полициясы төңірегіндегі күмәндар 2012 жылғы Олимпиада қарсаңында офицерлер жұмысына кері әсер етуі мүмкін, деп мәлімдеген Лондон қаласының мэрі Б.Джонсон. Өз анасының үйіне соқтығысты Швейцарияның Шаффхаузен кан­тонындағы Оберхалау ком­мунасының тұрғыны ұшақпен өз анасының үйін келіп соққан. Жұмыссыз жүрген инженер-электрик әрі әуесқой ұшқыш Конрад Шмидт төрт орындық жеңіл ұшақты прокатқа алған көрінеді. Машинаның жарылуынан үй бірден отқа оранса да Конрадтың анасы Розмари Шмидт есеңгіреп қалғаны болмаса, ажалдан аман қалыпты. Сөйтсе ол жарылыс болған сәтте подвалда жүрген көрінеді. Үйінді астынан әйелді көршілері алып шыққан. 44 жастағы Конрад Шмидт екі жылдан бері жүйке ауруымен ауыратын көрінеді. Әріптестерін жақтап шықты «Альфа» қызметінің ардагерлері Литвада қу­да­лауға түскен өздерінің бұрынғы командирі, таяуда ғана Литва өкіметінің сұрауы бойынша Австрияда қамауға алынған Михаил Головатовқа қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме авторлары Литва жағының тағып отырған айып­тарын «оғаштық» ретінде теріске шығаруда. Айта кету керек, арнайы бөлімше жауынгерлері мен десантшыларына 1991 жы­лы Вильнюсте орын алған оқиғаларға қатысты айып та­ғыл­ған болатын. Ал «Альфа» ардагерлері болса литвалық сая­сат­керлер тарихты өздерінің көксеген ниеттеріне орай қа­са­қана бұрмалап,  Ресейден жаудың бейнесін қалыптастырып отыр деген қарсы сын айтуда. Сөз орайында Австрия өкіметі­нің Голо­ватовты Литваға беруден бас тартып, қамаудан босат­қа­нын және оның елден кетуіне рұқсат бергенін де айта кету қажет. Ірі уран кен орны ашылды Үндістанның оңтүстігінде ашыл­ған уран кен орнының қоры әлем­дегі ең ірілердің бірі болып табы­лады, деп мәлімдеген елдің ядролық энергетика департаментінің өкілі Шрикумар Банерджи. Банерджидің айтуынша, Андра Прадеш штатындағы Тумалапалли кенішіндегі дәлелденген кен қоры 49 мың тонна уранды құрайды. Шенеунік атап көрсеткендей, соңғы бағалаулар бойынша учаскедегі кен қыртысының жалпы көлемінің 150 мың тоннаға жетуі мүмкін. Тумалапалли кен орнына қатысты жұмыстар үстіміздегі жылдың соңына дейін басталады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Үндістан АЭС-те бүкіл өндірілетін электр қуаттары көлемінің 3 пайызға жетпейтін мөлшерін ғана өндіреді. 2050 жылға қарай ел өкіметі ол көрсеткішті 25 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Қантөгіске ұласқан қақтығыс Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданын­да полициямен болған қақтығыс салдарынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлады Франс-Пресс агенттігі. Осы агенттіктің қудалауда жүрген ұйғыр белсенділері тобына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қаза тапқан­дар­дың бәрі ұйғырлар көрінеді. Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі ұйымының айтуы бойынша, полицейлер Хотан қаласына таяу жерде 14 адамды өлімші қылып сабап, 6 адамды атып өлтір­ген. Тәртіпсіздіктер ұйғырлардың өз туысқандарын түрме­лер­ден босатуды талап етіп, полицейлерді кепілдікке алуға тал­пы­ныс жасауына байланысты орын алған көрінеді. Нәти­жесінде 70 адам тұтқынға алынған. Ливия мен ақш арасындағы келіссөз Ливия басшысы Муамар Кадда­фи­дің өкілдері мен АҚШ-тың арнайы тұлғалары Тунис аумағында бетпе-бет келіссөздер жүргізген. Ливия үкіметінің өкілі Мусса Ибрагим­нің айтуынша, бұл елдер арасындағы қа­рым-қатынастарды талқылаудың тек бірінші сатысы ғана. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Каддафи делегациясымен кездесу фактісін растаған, бірақ оның бір ғана  мақсатпен – Ливия көсеміне отставкаға кетуі жөнін­де нақты талап қою мақсатымен өткенін атап көрсеткен. Сондай-ақ, мемдепартамент бұдан кейінгі жерде ешқандай кездесудің жоспарланып отырмағанын да хабарлаған. Венгрия сотының шешімі Венгрия соты Визенталь орталығы 1942 жылы Сербияның Нови-Сад қаласында 1,2 мың еврейлерді, сербтер мен сығандарды өлтіруге қатысы бар деп айыптаған Шандор Кепироны ақтап шықты. 97 жастағы венгр Шандор Кепиро ісіне қатысты сот үстіміздегі жылғы мамыр айында Венгрия астанасы Будапеште басталған болатын. Соттың Кепироны ақтау туралы шешімін залда отырғандар ду қол шапалақтаумен қарсы алыпты. Ал нацистік қылмыскерлерді іздестірумен айна­лы­сатын Визенталь орталығы бұл сот процесі нацистік қылмыскерлерге қатысты ең соңғы және ең шулы про­цестердің бірі болады деп үміттенген көрінеді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.