• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2011

Жаңа...

307 рет
көрсетілді

...қайырымдылық жобасы Көкшетау мемлекеттік уни­верситеті мен «БТА» банкі фи­лиалы басшылары ынтымақ­тас­тық жөніндегі жаңа келісім-шартқа қол қойды. – «БТА-дан шәкіртақы» қа­йы­рымдылық жобасы банк­тің баст­а­масы бойынша би­ыл­ғы ма­мыр айынан бастап әзір­леніп, қол­да­нысқа енгізілді, – деді қар­жы институты Көкше­тау фи­лиа­лы­ның директоры Бақыт Оспанов. Әлеуметтік тұрғыдан кө­мек­ке зәру студенттерді қолдау мақсатындағы шәкіртақы мөл­шері – айына 20000 теңге немесе оқу жылы бойына 200000 теңгені құрайды. Ол оқу ор­ны­ның таңдауы бойынша бір но­минантқа екі семестр бойы немесе екі номинантқа әр семестр сайын бір-бірден төлен­бек. Сон­дай-ақ, жобаға қатыса алмайтын студенттер «Әмбе­бап факультеті» жеңілдетілген несие жүйесін пайдалана алады. Бақберген АМАЛБЕК, Көкшетау.   ...күріш сорты тұтынушы сұранысына ие   Қараталдықтар дала мар­жа­ны саналған күріш дақылын өсі­руде тағылымды тәжірибе жи­нақ­тап, еселі еңбек етіп келеді. Жылдан-жылға күріш са­па­сын арттырып, өнім көлемін ұл­ғай­ту үстінде. Биылғы жы­лы аудан диқандары 4000 гектар алқапқа күріш егіп, мол өнім алу мақ­са­тында агротех­ни­калық ша­ра­лар­ды мүлтіксіз жалғастырған. Ырысты өнім күрішті қолға алғандардың бірі – «Опытное» өндірістік кооперативі. Шаруа­шылық өңірге «Пак Ли», «Заря», «Опытное», «Суак» секілді ау­дандастырылған күріш тұқым­да­рын өсіруімен таны­мал. Әсі­ресе, күріштің «Пак Ли», «Заря» тәрізді жаңа сорт­тары базар на­рығында тұтыну­шы сұраны­сына ие азық-түлік қатарынан табы­лады. Су мен ыстықты қажет ететін дақыл тынымсыз еңбекті талап етсе, өнімнің шығым­ды­лығы үшін күріштің маңына жоңышқа егіледі. Бұл – жердің  құнар­лы­лығын жоғалтпауға септігін тигізетін тәсіл. «Еңбегіне қарай – өнбегі». Ауданда күріш ору науқаны қыр­күйек айынан басталады. Ау­дан диқандары былтыр әр гектардан 38,2 центнерден ақ мар­жан алса, биыл 38,5 центнерден өнім алуды жоспарлауда. Ал күріштің «Пак Ли», «Заря» жаңа тұқымдарынан бұдан да мол өнім алынатынына ди­қан қауымы бек сенімді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. ...автобустар бағыттарға шықты Облыс орталығында жолау­шылар тасымалымен айналы­са­тын «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің паркі та­ғы да жаңа 30 автобуспен то­лық­ты. Әрқайсысы 4318325 теңге тұратын Қытай­дың «JAC» мар­калы автобу­сына 100 жолаушы еркін сия­ды. Қалада жолаушылар тасы­малына байланысты жаңа­дан тендер өткізу көзделуде. Осы мақсатта құрылған жұмысшы топ қалаішілік бағыттар бой­ын­ша жүретін автобустардың қоз­ға­лыс кестесіне қосымша өзгеріс­тер енгізілмек. Қалада жаңа ша­ғын аудандар салы­нып, қана­тын кеңге жаюына, сондай-ақ авто­көліктердің кө­беюі­не, қозға­лыс ере­желерінің сақтала бермеуіне байланысты жолаушылар тасы­малдайтын бағыттардағы ав­то­бустардың жүруіне қиындық кел­тіретін жағдайлар да туындауда. Жаңа автобустар қаланың ор­талық көшелерінде жолау­шы­­лар­ға қызмет көрсетеді. Серіктестік жолаушылар тасы­малы қыз­метін көрсету сапасын жақсарту мақ­сатында сыйымдылығы жоға­ры автобустар сатып алып, ба­ғыт­тарға жіберіп, қалалық­тар­дың ри­зашылығына бөленді. Серіктестік автобус паркін осындай қолайлы да сыйымдылығы жоға­ры автобустармен толықтыруды жалғастыра беретін болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.