• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Еңбек рыногының болашағын бірге қалаймыз

374 рет
көрсетілді

ҮКІМЕТ

«Егемен Қазақстанның»апталық қосымшасы

Еңбек рыногын жақсартып, жұ­мыссыздықты азайту бүгінгі таңда еліміздің басты бағыттары­ның біріне айналып отыр. Бұ­рын­ғы Кеңес одағы тараған соң экономикалық матау құр­сауында болған мемлекеттер толық­қанды жұмыс істей алмады. Зауыт-фаб­рикалар тоқтап, бұрынғы эконо­ми­каның орнына нарық экономи­ка­сы келді. Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарын­да жұмыссыздық­тың үлес салмағы 80 пайызға жетті. Халықтың күнкөрісі қара ба­зар маңында ғана болды. Қазір уақыт өзгерді, Елбасы тәуелсіз Қа­зақ­станның көк байрағын жо­ғары көтеріп, өзге мемлекеттерге елімізді тұрақты экономикасы мен жедел даму жолына түскен бірден-бір мемлекет ретінде та­нытты. Мем­лекет басшысы Н.Ә. Назар­баевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» атты Қазақстан халқына Жол­дауында еңбек рыногының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыс­сыздар мен өз бетінше жұмыспен айна­лысушы­лар­ды жұмыспен нәтижелі қам­туға жәрдемдесудің тетігін – «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағ­дар­ла­ма­сын ұсын­ған болатын. Жұ­мыс­пен қамтудың белсенді сая­сатын жүргізу Қазақстан Үкі­меті қыз­меті­нің негізгі бағыт­тары бо­лып табылады. Республика Премьер-Министрі К.Мәсімовтің айтуын­ша, «Жол картасы» бағдарламасы аясында 150 мың жұмыс орны құ­рылып, кадр­лар қайта оқыты­лып, даярланды. Сон­дай-ақ инфляция қатаң қадағаланған. «Бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі инфляция», – деді Кәрім Мәсімов. Аталмыш бағдарлама ағымда­ғы жыл­дың 1 шілдесінен бастап кең көлемде жү­зеге асырылып жа­тыр. Ресми статисти­каға жүгінсек, Қазақстанда халық саны 2011 жыл­ғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адам­ға жетті. Оның ішінде жұртшы­лық­тың 48 пайызынан астамы жұ­мыс­пен қам­тылған болса, бұл орайда жалдамалы қызметкерлер – 31,7 пайызды, ал өз бетінше жұ­мыспен айналысушылардың үле­сі 16,5 пайызды құрайды екен. Бұдан бөлек, соңғы онжылдықта елдегі еңбек рыногында бірталай оң өзгерістерге қол жеткізілгенімен, өз бетінше жұ­мыспен айна­лысушылардың пробле­ма­сы күр­деленіп отырғаны айқын бола­тын. Осы мәселені және Үдемелі ин­дус­триялық‑инновациялық даму бағ­дарламасына сәйкес еңбек рыногының жаңа талаптарын ескере отырып, Мемлекет басшысы Үкіметке халықты жұ­мыспен қам­тудың жаңа бағдар­ламасын әзірлеп, қабылдауды міндеттеген еді. Бағ­дарламаның негізгі мақ­са­ты тұрақ­ты және нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуға жәрдемдесу ар­қы­лы халықтың табыс деңгейін арттыру болып табылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдар­ла­масының жай‑жапсарын түсін­діре келе, оның негізгі үш бағы­тын айқындаған болатын. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру көз­деледі. Екінші бағыт бойын­ша ауыл­да кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Үшінші бағыт тұрғы­лықты жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ бол­ған­дықтан, бағдарлама арқы­лы ондай адамдардың экономи­ка­сы дамыған өңір­­­лерге көшуіне мүмкіндік қарас­тырылған. Бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді. «Мұншалықты ауқымды бағ­дарламаны іске асыру үшін жұ­мыспен қамту органдарын инс­ти­туттық жетілдіру көзделетіні сөз­сіз. Соған орай еліміздің барлық өңірлерінде аудандар мен қала­лар деңгейінде қосымша жұмыс­пен қамту органдары құрылады. Бұдан бөлек, бағдарламаны тиімді іске асыру үшін құқықтық база қалыпта­сатын болады. Бұл ретте «Жұмыспен қамту туралы» заңға Үкімет пен орталық атқарушы ор­ганның құзыретіне сәйкес то­лық­тырулар енгізу қарасты­ры­ла­ды. Оның ішінде жаңадан «әлеу­меттік келісім-шарт», «жалақы­ны субсидиялау», «жұмыспен қам­туға жәр­демдесудің белсенді ша­ра­ла­ры», «өз бетінше жұмыс­пен ай­на­лысу­шы­лар» секілді ұғым­дар нақ­тыла­натын болады. «Жұ­мыс­пен қам­ту бағдарламасын тал­қы­лау жә­не түсін­діруге үкіметтік емес ұйым­­дар да белсенді түрде тар­­ты­ла­тын болады. Жалпы ал­ғанда, Үкі­мет 2016 жылға қарай бағ­дар­ла­мамен бір жарым мил­лион­ға жуық адам­ды қамтуды жос­­парлауда. Соның нәтижесінде еліміздегі кедейлік деңгейін 6 па­йызға дейін төмен­де­тіп, жұ­мыс­сыздық деңге­йін 5,5 па­йыздан асыр­май ұстап оты­ру мін­деті көзделу­де. Мұндай көрсет­кіш­­терге қол жеткізу азамат­та­ры­­мыз­­­дың әл-ау­қа­тын арттыруға оң ықпал етіп, алды­мыз­дағы страте­гия­­­лық міндеттерді тиімді іске асыруға мүм­кіндік береді деп ойлаймыз», – дейді Г. Әбдіқалықова. Мұхтар ИБРАИМОВ.