• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

«Эйр Астана» өз ұшақтарын ұлттық нышандармен нақыштайды

374 рет
көрсетілді

«Эйр Астана» әуе компания­сы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 10 әуе кемесін ұлттық нышандармен және «Қа­зақстан Тәуел­сіз­дігі» мен «Ka­zakhstan Independence» жазула­ры­мен әшекейлегелі отыр. Елі­міз­дің әлемдегі имиджін дамы­туға және мемлекет өмірінде маңызды оқи­ғаға шетелдіктердің назарын аударуға бағытталған бұл шара 2011 жылдың соңына дейін жалғаспақ. Сонымен бірегей тамаша дизайнмен «Бойнг 767» және «Эйр­бас А320» ұшақтары нақыш­та­ла­­тын болады. Ұшақтардың фю­зеляжына мерейтой бейнелемесін салу үшін ылғалдылыққа, уль­тра­күл­­гін сәулелерге және жо­ғары температура құбы­лула­ры­на төтеп беретін, арнайы сер­тификатталған, өзі желімделетін пленкалар қолданылады. Әрбір әуе кемесін маркерлеуге 10 сағат шама­сын­да керек болғандықтан және бұл жұмыс жос­парланған ұшулар арасын­дағы үзілістерде ғана жасалы­на­тындықтан, мерейтой нақышта­рын жап­сы­­ру үдерісі 2011 жыл­дың қыркүйегінде аяқталады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы бейнелемесімен әше­кей­ленген ұшақтар 23 ішкі және 31 халықаралық бағыттардағы рейстерді жүзеге асырады. Реті келіп тұрғанда, «Эйр Астана» әуе компа­ниясы тәулігіне орташа алғанда 6093 жолау­шы­ны таситынын айта кетелік. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.