• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2011

Үмітің үзілмесін

543 рет
көрсетілді

Қостанайда  бүйрек ауруы­ның зардабын шегіп жүргендер аз емес. Адамның тіршілік ке­шуінің бір кілті  болып сана­латын бүй­ректің ауыр сырқатын асқынды­рып алғандар  тіршіліктен қол үзіп қалмау үшін  облыстық ауру­ханадағы  арнайы аппараттан ап­та­сына  екі-үш рет гемодиализ емін қабылдайды.  Ауруханада «жа­санды бүйрек» аппараты бесеу ғана.  Ал статистика облыста бүй­рек ауруына шалдыққандардың саны өсіп келе жатқанынан хабар береді. Қазір  облыстағы әр 800 мың тұрғынның  арасынан жүзге тарта адам  бүйрек ауруымен ауы­рады,  сондықтан олар осы гемодиализ еміне зәру екен. Жа­қын­да Қостанай қаласында  Ақ­төбе­дегі Bios медициналық  орта­лы­ғының  филиалы ашылды. Бұл ге­мо­диализ орталығы тек нау­қастарды ғана емес, облыс дәрігерлерін де  қуантып отыр. Онда  сырқаты жанына батқан  ауруларға  ем жасайтын заманауи алты аппарат бар. Ем алу кезінде аурулардың жағдайын  дә­рі­гер және екі медбике бақылап отырады. – Аппарат әр науқастың сыр­қатына қарай бейімделіп, оның жағдайын мүлтіксіз бақы­лайды. Төсек жанына бекітілген монитордан  науқастың қан қы­сымы, ден­саулығының қалып­ты­лы­ғын білдіретін басқа да көр­сеткіштер көрініп тұрады.  Егер аурудың халі нашарлап кеткен жағдайда жансақтау палатасы бар. Бір ауру гемодиализ емін төрт сағат алса, алты аппаратқа бір мезгілде алты адам аламыз.  Сонда үш ауысымда 36 адам  бүйрегіне ем алады. Егер бұл аз болып жатса,  қосымша тағы екі аппарат қоямыз, дейді  гемодиализ орталығының дирек­торы Вадим Антонец. Оның өзі  нефролог және токсиколог дәрігер екен. Сондықтан маман дәрігер­дің науқастарға  берер кеңесі де мол. Ақтөбеліктердің ұсынысы­на Қос­танай облыстық денсау­лық сақ­тау басқармасы да  ынта білдірді. Ауру азабын шеккендер тіпті риза. – Бүйрек  ауруының осы ауыр түріне шалдыққандардың көбі о дүниелік болып кетті. Мен  шыбын жаным үшін жылда шет елге баратынмын.  Мына жаңа орта­лық­тың  қызметі еуропа­лық­тарға жақын екеніне сенгім келеді. Ең бастысы, дәрігер білікті болсын деңіз, дейді  науқас  Нелли Гольченко. Мамандардың айтуынша,  Bios медицина орталығындағы аппараттар бүйрегі жұмысын дұрыс атқармайтындардың өмі­рін 20-25 жылға созады. Бұл  өмір үшін ажалмен алысып жүр­ген­дерге аз олжа емес.  Науқас­тар осыған шүкір­шілік етіп отыр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.